Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) — аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Соц-к Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО шет ел ордендерінің иегері.

1936 ж Мәскеу Түсті металл алтын институтын бітірді. 1936-42ж. Балқаш, Алтай, Риддер, Лениногор кен орындарында басшы қызметін атқарды. 1942-52ж Қазақ КСР Халық Камиссарлары Кеңесі, кейіннен Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болды. 1952ж сәуірде Қазақстан Ғылым Академиясының Призиденті болып сайланды. 1955-60 және 1962-64ж Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы. 1960-62ж және 1964-86ж Қазақстан КПОК-нің 1- хатшысы болды.

Ол басшылық қызмет атқара жүріп республикадағы тау-кен ісі, мұнай игеру, темір жол құрылысын дамытуға қомақты үлес қосты. Қазақстанда жаңа өнер кәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды.

Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түркменстанға беру жөніндегі орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Респ сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы, Медеу спорт кешені, т.б. ірі ғимараттар бой көтерді. Алматыны тасқыннан қорғау үшін Медеу сайында үлкен бөгет жасалды.

1986 ж. СОКП Орт. Ком-нің Бас Хатшысы болып М.С. Горбачевтің келуіне байланысты Д.Қонаев Қазақстан КПОК-нің бірінші хатшылығынан босатылды. Орнына Ульяновск облысынан Г.В. Колбин отырғызылды. Орталықтың әділетсіз саясатына қарсы республика жастары өз қарсылықтарын білдіріп алаңға шықты. Бұл әйгілі Желтоқсан оқиғасына ұласты.

Д. Қонаев ел басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен танылып, халық дәстүрін жақсы білетін, ой өрісі биік жан екенін көрсетті. 1993 ж. тамыздың 22-інде, 82 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болды.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама