Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Әдебиет 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Діни әңгімелер. Қасиетті құран кәрім жайында
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ислам дінінің негізгі - қасиетті Құран кәрімнің шығу тарихы мен ондағы сүрелер мен аяттардың тәрбиелік мәнін түсіндіру, Құран Кәрімнің рухани білімге толы қасиетті кітап екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушының қоршаған ортадағы жеке тұлға ретінде өзіндік көзқарасының қалыптасуы, тіл шеберлігін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды жастайынан жан дүниесін, ішкі әлемін имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа баулу.
Сабақтың типі: білімділік, біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, «Кубизм» әдісі, ассосациялық әдісі, «Инсерт» әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедия, бағалау парағы, кеспелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, география.

Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу (танысу)
ә) оқушыны топ - топқа бөліп, атын таңдату.
І - топ «Әділет»
ІІ - топ «Ақиқат»
ІІІ - топ «Шындық»
ІҮ - топ «Парыз»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 4 топтан мәтін бойынша терме диктант алу.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
Бала Сырым сенің ойыңша қандай бала?
Оқушының жауабы: Бала Сырым ата - ана, үлкендердің тәрбиесін көрген зерек те ақылды, керек кезде сөз таба білетін шешен бала болған.
Бала Сырым:-«Қырықтың бірі Қыдыр»- деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар ата - деген сөзінен алысты пайымдай білетін дана бала екенін аңғаруға болады.
«Ассосация» әдісі.
І және ІІ топ Сырымға
ІІІ және ІҮ топ Ерболға мінездеме беру.
ІҮ. Жаңа сабақ Қызығушылығын ояту. («Ой қозғау»)
«Инсерт» әдісін пайдалану

Білемін? Үйренгім келеді? Білдім?

Мағынаны тану Төрт топқа мәтін жазылған кеспелер беремін. Оқушылар өзара түсініп оқып, түсінгендерін айтады.
І топ. Ислам діні туралы.
ІІ топ. Қасиетті Құран Кәрім жайында.
ІІІ топ. Құран Кәрімнің сақталуы.
ІҮ топ. Құран Кәрімнің кереметтілігі.

Ой толғаныс. «Кубизм» стратегиясын пайдаланып, сабақты бекіту.
1) Құранда неше сүре бар?
2) Дін адамды қандай болуға тәрбиелейді?
3) Алла тағаланың Жәбірейіл періште арқылы Мұхаммед пайғамбарға айтқан сөзі қандай?
4) Біздің ең қасиетті кітабымыздың аты қандай және Құран Кәрім неше жылда түсті?
Дәптермен жұмыс жасау. Мәтіндегі түсініксіз сөздерге түсініктеме беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама