Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Діни білім – тәрбие бастауы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
Байырқұм елді мекені, М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Діни білім – тәрбие бастауы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Негізгі діндер мен конфессиялардың пайда болу тарихынан және олардың қазіргі уақытта қоғамыздағы таралуынан мағлұмат беру.
Дамытушылық: Діндердің қызметтерінің негіздерін ашып көрсете отырып оқушылардың дүниетанымын кеңейту, діннің құрылымы негізінде қоғамдағы діни ағымдарды ажыратып ой-өрістеріне, сана сезімдеріне т. б қабілеттерді жастардың бойына сіңіру.
Тәрбиелік: Сынып оқушыларын діннің қызметімен таныстыра отырып, діни салауаттылығын көтеру арқылы рухани-адамгершілік қасиеттерге баулу.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (оқушылармен сәлемдесу, түгендеу)
2 Мұғалім сөзі: Діни экстремизмнің алдын алу – өзекті мәселе.
3 Дін не үшін адамзатқа керек болды? Ауыл имамы Байсарсенов Т
4. «Алла деген ар болмас» өлеңдер
5. Имани жыр «Құдірет»
6. Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
7. Имани жыр « Жамағатқа насихат»
8. Аллаһ кімдерді сүйеді Аллаһ кімдерді сүймейді.
9. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы
10 Қорытынды

Бір Аллаһ болсын жүректе
Өзгеге кетпе сатылып
Жаратқанды білмеген,
Адамзат сипат мақұлық.
Соңғы жылдары лаңкестіктің бір түрі – діни экстремизм кеңінен таралуда. Діни ұйымдар басқа мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатына, адамдардың психологиясына әсер етуде, қауіпті сипат алып келеді. Оның қауіптілігі сол, діни экстремистік ұйымдар қандай да бір елдегі қалыптасқан тәртіпті бұзуға әрекет жасайды және бұл істе өзінің қатарына жастарды тартуы. Елбасымыз халыққа жолдауында айтылғандай:«Ұлттық қауіпсіздік» Тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүруінің басты кепілдігі болса, оны қорғау әрбір қазақстандықтардың қасиетті борышы болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Дініміз –Ислам, түбіміз –түрік, мәзһабымыз – имам Ағзам» - деген сөзін жаңғыртуымыз керек.

Ауыл имамы Т. Байсарсенов, «Дін не үшін адамзатқа керек?»
Дін тақырыбы адамдарды өте қатты қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және діни өмір сүруге тырысқан. Дініне байланысты өмір сүріп, балаларын сол тәрбиеде тәрбиелеген. Ақылы мен білімін қолданып, өзі таңдаған дінді қорғап, оны жалғастыруға тырысқан. Дін адамдарға байланысты бір ұйым. Адамның рухтың және физикалық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етіп, жетілуін жүзеге асыратын негізгі мақсат болып табылады. Дін рухтың азығы және дененің шипасы. Адамға адам болуды, ұлттарға бірлік пен тұтастыққа өмір сүруді үйреткен жауапкершілік түсінігін, құлшылық білімін және жақсы ахлаһты қалыптастырады. Жанұяны, мемлекет ұйымын және қоғам құрылымын мықты негіздермен қамтамасыз етеді. Міне, дін адамдарға осы үшін керек.

Асел: «Лә Иләһи илләллаһ,
Мұхаммәдур Расулулаһ»,
Имам Ағзам – мазһабым
Мұсылманыңмын асқақ үн.
Шайтанның еріп соңынан,
Бұлт шалмасын аспаным.
Бір Аллаға сыйынам,
Қолдай алар басқа кім?

Бір Алланың арқасы
Сандығын жырдың ашқаным.
Құдайдан тілеп медетті,
Қысылғанда саспадым.
Құлшылық қылсам күн-түні
Жалындап өтер жас шағым.
Алланы танып өтейін,
Өмірде мынау қас – қағым.

Айбек:
Мұсылман болып бір беті,
Кәпір болып бір беті.
Өзгеріп кетті бүгінде,
Қазағымның келбеті.
Қайда кетіп барасың,
Мұхаммедтің үмбеті.
Орындалмай жатыр ғой,
Пайғамбардың сүннеті.

Қайда кеткен халқымның,
Құранға деген құрметі.
Жұртыма менің жұқпасын,
Күпірліктің індеті.
Мойынсыну Аллаға -
Мұсылманның міндеті.
Мұсылманды түбінде,
Мойындайды жер беті.

Ақерке:
Имани жыр «Құдірет»
Көрініс «Ақылды адам Алласын таниды»
Анасы: Гүлшырын
Ұлы: Талғат
Мұғалім сөзі:
Әңгіме барысында айтылып отырған 5 атты дегеніміз - 5 уақыт намаз, 30 атты -30 күн оразамыз. Айналып келгенде, Ұлы Жаратушы Алла Тағаланы, оның күллі мұсылманға парыз қылған 5 уақыт намаз бен 30 күн оразасын берік ұстансақ, адамгершілік қалпымыздан айнымаймыз дегім келеді. Демек, Алланы естен шығармау ата-ананы құрметтеу – күллі мұсылманның міндеті.
Асел: Имани жыр «Жамағатқа насихат»

5. Аллаһ кімдерді сүймейді (оқушылар өз ойларын ортаға салып дұрыс пікірлерін қалыптастырады)
Аллаһ өзіне сенбейтіндерді, пайғамбарына мойынсұнбайтындарды сүймейді.
Аллаһ ата-анасына қарсы шығатындарды және оларды тыңдамайтындарды сүймейді.
Аллаһ ішімдік ішетіндерді сүймейді
Аллаһ қажетсіз ақша шашатындарды сүймейді.

Аллаһ кімдерді сүйеді
Аллаһ өзіне сенетіндерді сүйеді.
Аллаһ ата-анасына қайырым жасайтындар мен оларды тыңдайтындарды сүйеді.
Аллаһ сабырлыларды сүйеді.
Аллаһ намаз оқитындарды сүйеді.
Аллаһ ораза ұстайтындарды, зекет беретіндерді, қажыға баратындарды сүйеді.
6. Әлем мұсылмандары «Кока-колаға» қарсы. ( «Кока-кола» сусынның сиқырлы құпиясы)

Қорытынды.
«Діни білім – тәрбие бастауы» Дін –адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол, адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Сондықтан да дін тәлім-тәрбиесі әрбір адам үшін пайдалы және қажеттілігін жоймайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама