Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Д.Назарбаева Щучье қаласында мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жөнінде дөңгелек үстел өткізді

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева өңірдегі бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Вице-премьер алдымен Ақкөл қаласында болып, осында жаңадан салынған 250 адамдық емхананың ашылу салтанатына қатысты. Осында дәрігерлер ұжымымен кездесіп, елімізде медицина саласын дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ,  №1 Ақкөл балалар үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен де кездесті.

Кездесуде тәрбиеленушілер вице-премьерге өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып,  өнерлерін көрсетті.

Сонымен қатар,  Еңбекшілдер ауданы Қоғам ауылындағы Шаймерден Қосшығұлов атындағы орта мектептің, Бурабай ауданындағы көпсалалы ауданаралық аурухананың және «Мерей» балабақшасының жұмысымен танысты.

Балабақша мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамыту жөнінде дөңгелек үстел өткізді. Облыстың әр өңірінен келген педагогтардың басын қосқан жиында мектеп дейінгі білім беру мәселелері талқыланды.

Сапар соңында вице-премьер Көкшетау қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысып, Достық үйінде өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдерімен де кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Автор: Аслан Оспанов


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама