Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дос іздеген бота
Тақырыбы: «Дос іздеген бота»
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту, көркем әдбиет, музыка.

Мақсаты: Балалар бойындағы ертегі кейіпкерлерінің іс - қимылдарын мәнеріне келтіріп ойнау қабілеттерін дамыту. Балалардың достық сезімдерін қалыптастыру, бір - біріне деген көмек көрсете білу сезімдерін нығайту.
Көрнекі құралдар: ертегілерге арналған сюжетті суреттер, ертегі кейіпкерлердің киімдері, күй таспа.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, ертегіні драматизациялау, ғажайып сәт, түсіндіру, көрсету, тақпақтар айту, жұмбақ шешу.

Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңберінде амандасу.
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырайды бақшамыз
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!

Балаларға сұрақтар беру арқылы жауаптарын есту.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс
- Қыс айларын атаңдар.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Жыл мезгіліне байланысты тақпақ білеміз бе?

1 - бала: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Азынайды боран.
Желтоқсан бұл қыс басы
Әйнекке ою ояды
Осы деп қас нұсқасы

2 - бала: Қаңтар келді ышқынып
Сірескен қар жан - жағын
Үдегенмен үскірік
Күн ұзарды қар қатып.

3 - бала: Ақпанда қыс ызғары
Қайтпағанмен, күн жылып
Айналаның мұз - қары
Бір қатады, бір еріп.
- Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
- Иә.
- Қандай ертегіні білесіңдер?
-“Бауырсақ”,”Шалқан”,”Мақта қыз бен мысық”,”Қорқақ қоян”,”Түлкі мен ешкі”,”Маша мен аю”.
- Ондағы кейіпкерлерді атаңдаршы?
- Аю, қоян, түлкі, қасқыр.
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?
- Аңдар.
- Аңдар туралы тақпақ білеміз бе?
- Кім айтады, кәнеки?

1 - бала: Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді.
2 - бала: Алып батыр балпаңмын
Ақ ниетім дарханмын
Басқа аңға тимеймін
Балпаң, балпаң билеймін.

Ғажайып сәт: (музыка ойнайды, бөлмеге Қызыл телпек кіреді)
Қызыл телпек: Сәлеметсіздер ме, балалар? Мен ертегілер елінен “Күншуақ” тобына сиқырлы сандық әкелдім. Не барын ашқан соң көресіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, сандықты ашып көрелік. Ой, балалар, мынау не?
Балалар: Түйе.
Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар. Ол бізге қай ертегіден келді деп ойлайсыңдар?

Ертегіні драмтизациялау: “Дос іздеген бота”

Автор: Ерте. ерте, ертеде бір боталы түйе болыпты. Түйе өзінің жібек жүнді, сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі. Бір күні анасы оған ақыл айтып тапсырыпты.

Түйе: Мен түйе, түйе, түйемін
Жануармын киелі
Жан - жағыма қараймын
Күн мен түнді санаймын.
Автор: Түйе баласына ақыл айтыпты.

Түйе: Боташым қара көзің мөлдіреп
Қызықтырмай қоймайды
Жібек жүнін үлбіреп
Қара көзің тоймайды.
Түйенің ботаға айтар сөзі.- Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. доссыз өмір қиын, әрі қызық емес.(Бота басын изеп тұрады)
Автор: Бота өзіне ұқсайтын жалт - жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп жолға шығады.
Бота: Бота, бота, ботамын
Ақылды боп атандым
Тостағандай көзім
Әдемімін өзім.
Автор: Бота жайылып жүрген қозы мен лаққа келеді.(Қозы мен лақ гүл жинап жүреді).
Бота: Бө - өө, мен дос іздеп жүрмін.
Қозы:- Мә - ә, мен қошақан қозымын
Момақанның өзімін.
Лақ: Мен лақпын қандаймын
Аппақ болған таңдаймын
Кел, бәріміз дос болайық
Бота: Жо - жоқ, сендер сияқты дос емес.
Қозы мен лақ: Мүмкін күшік болар.
Автор: Бота күшікке келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Күшік (үреді): Гаф, гаф. Мен күшікпін саққұлақ
Үй күзетем шапқылап
Дыбыс шықса маңайдан
Гаф, гаф деймін қаттырақ
Кел екеуміз дос болайық.
Бота: Жо, жоқ, сен сияқты дос емес.
Балапан: Мүмкін, Бақа болар.

Автор: Бота бақаға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Бақа: Бақа, бақа балпақ
Басым содан жалпақ
Жәндіктерді көп жедім
Жүз жасаймын мен деймін. Кел, екеуміз дос болайық, бақ - бақ.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Бақа: Мүмкін ара болар.
Автор: Бота, ұшып жүрген араға келеді.
Бота: Бө - өө мен дос іздеп жүрмін.
Ара: З - з - з. Ұшып келсем қасыңа
Менен, сен шошыма
Сен тимесең, тимеймін
Қастығым жоқ, досыма з - з - з
Кел, екеуміз дос болайық
Гүл терейік, бал жинайық.
Бота: Жо - жоқ, сен сияқты дос емес.
Автор: Ара қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, дос таба алмай, өзі анасына келеді.
Түйе:- Дос таптың ба, боташым?
Бота:- Жоқ, анашым сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен.
Түйе:- Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, ботам.
Автор: Бота қуанып өзінің адал достары қозы, лақ, күшік, мысық, әтеш, балапан, бақа, араны ертіп келіпті.
Тәрбиеші: Балалар, ертек не туралы?
Балалар: Дос іздеген бота.
Тәрбиеші: Бота өзіне кімдерді іздейді?
Балалар: Дос іздейді.

Күтілетін нәтиже:
Білу: адамдар бір - біріне қиын жағдай туғанда көмектесу керек екендігін білді.
Меңгеру: Ертегі кейіпкерлерінің іс - қимылын мәнеріне келтіру. Ойнауды меңгерді, тілдерді дамытады. Сөздік қоры молайды.
Жасай білу: Қиын кезде бір - біріне көмекке келуді үйрене білу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама