Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Достық
Байқоңыр қаласы,
К.Э.Циолковский атындағы
№2 жалпы білім беретін орта мектебінің
7 сынып оқушысы Жамбылова Гүлсая
Ұстазы Жакупова Алмагуль Байдуллаевна

Достық
Достық деген – өмірдің бір үлесі
Достық деген – қиындықтың тірегі.
Шырайлы шуақ шашқан күндей болар
Адал болса саған деген жүрегі.

Досың сенің ақ жүректі асыл жан
Әр кездерде табылатын қасыңнан.
Досыңды аялай біл бірге жүрген
Сыйласатын шын көңілмен жасыңнан.

Досым бар мен сенетін адал маған
Мен оған шын көңілмен сыр ақтарған.
Өзім ғана сезіп білем адалдығын
Жақсылық қасиетін жырлап бағам.

Достарым «ДОСТЫҚ» сөзін бағалаңдар
Бұл сөзден ұға білсең от жалындар.
Қапы қалмай, сол отты сөндіріп алмай
Адалдықты жастай берік сақтаңыздар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама