Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Достық әлемі
Мотивациялық - қозғаушы
Ұйымдастыру - іздестіру
Шаттық шеңбер
- Сәлемсіңдер ме, балалар! Бізге қонақтар келіпті, амандасып алайық.
- Біз достық әлемінде жүргендіктен, қандай ережелерді сақтаймыз? Сабағымызды дәстүрлі ретінде немен ашамыз?

Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз

Балалармен әңгімелесу:
- Балалар, бүгін сендермен дос, достық жайлы әңгімелесеміз. Бәріміз экранға қарап, суретке бойынша әңгіме құраймыз.
- Айтыңдаршы, дос деп кімді айтамыз?
- Ал, енді достық дегенді қалай түсіндіресіңдер?

- Біз сендермен достық әлемі жайында көптеген әңгімелер тыңдап ой бөліскен едік. Бүгін сендермен мынадай әңгімеге куә боламыз. Қане, мұқият қарап отырыңдар. (С. Сейтеновтың «Атасының ақылы» әңгімесіне қойылым қою)
Көрініс бойынша сұрақ - жауап
- Қалай сендерге көрініс ұнады ма?
- Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді.
- Еркіннің атасы немересіне достық туралы қандай ақыл береді?
- Әр қашан бір-біріне көмектесетін, қамқоршы болатын достарды айтамыз
- Сәлеметсіздер ме!
- Шаттық шеңбермен ашамыз.

Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.

- Дос деп ең жақын адамды айтамыз.
- Дос көмекші
- Дос қамқоршы бала
- Дос деп ең жақын тірек болатын адамды айтамыз.
- Достық
- Достар адамдар арасында болады.
- Достар бірге ойнайды.
- Достар бірін - бірі сыйлайды.
- Достар бір - біріне көмектеседі.
- Достар бірге жүргенді ұнатады.
- Достар мейірімді, қайырымды болады.
- Достар бір - біріне адал болады.

Балалардың жауаптары
- Еркін Төкенмен кәмпит берген соң дос болып жүр.
- Еркінің атасы адал, ақылды балалармен дос бол деп ақыл айтты.
- Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі «Адам достығымен күшті» мақалын естеріңізге түйіңіздер.
- Балалар бойымызды бір сергітіп алайықшы.
- Ал, енді жақсылап ойын ойнаймыз ба?
- Ойынның шарты: екі топқа бөлініп, бірінші топтың балалары көздерін таңып, екінші топтағы досыңды тауып, есімін атау керек. Екінші топтың балалары тып тыныш тұрады.

Тыныштық сәті:
- Ал, балалар денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Алақандарыңды жүрек тұсына қойып, көздеріңді жұмып, жүрек дүрсілін, қалай соғып тұрғанын тыңдайықшы. (Музыкамен 1 - 2 минут отыру)
- Енді көзімізді ашайық, қандай сезімде болдық?
- Жүрегіміз қандай, ол қалай соғып тұр?

- Жылы, жұмсақ жүрегіміз дәптер тапсырма арқылы достарыңа, келген қонақтарға ашық хат сыйлаңдар деп тапсырма беріпті.
Шығармашылық жұмыс:

- Сабағымызды қорытындылай келгенде біз, сендермен «Достық әлемінде» көптеген жақсы қасиеттермен таныстық. Ол жақсы қасиеттер бір - бірімізбен татулыққа, достыққа, бірлікке, кешіруге үйретеді екен.

- Достық жайында кім мақал айтып береді?
- Өте жақсы, тағы кім айтады.
- Ал, достық жайлы өлең шумақ кім оқып береді.

Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Оңға қарай бұрыламыз,
Солға қарай бұрыламыз.
Гүл - гүл жайнап жанамыз,
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
- Ия
- Жүрегіміз жылы, жұмсақ.
Балалар жасалған жұмыстарын қонақтарға сыйлайды.
- Досы көпті жау алмайды
- Жолдасы көптің олжасы көп
- Бірлік болмай, тірлік болмайды.
- Күлме досыңа, келер басыңа.
- Достық – әдеп сыйласаң,
Дос – өмірлік қимасың.
Дос – арыңдай қымбатты,
Достық сезім тым тәтті.

Достық – игі жақсылық, Достық ниет – жақсы үміт. Достық жасап адамға, Достаса біл аманда. Дос бол ізгі адаммен.
Рефлекстік - түзету
Жүректен жүрекке.
- Сабағымыздың соңында шеңберге тұрып, достық жайлы ән айтайық.

«Дос боламыз бәріміз» әні.
Әні: И. Нүсіпбаев
Сөзі: Х. Талғаров

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Дос, достық туралы,
Болуы керек: Дос болу үшін, қандай адам болу керек екенін.
Баланың қолынан келуі: Ашық хат жасауы.

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы,
Баутино ауылы, "Ақбота"балабақшасының тәрбиешісі
Аманғалиева Гүлнар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама