Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Достық белгісі
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы
Кушикбаева Гүлбану


Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Достық белгісі
Мақсаты: Достық белгісі деген ұғымды өз ойынан айта отырып өзінің ішкі жан-дүниесімен бөлісе білуін қалыптастыру. Бастаған істерін аяғына дейін жеткізуге, бір-біріне ақыл кеңес беріп бірлесе шешімге келе білуге баулу. Ертегіні аяғына дейін орындап, кейіпкерлерді мінезіне сай дауыс ырғағын, үнін келтіріп образға ене білуге үйрету.
Балаларды достық қарым-қатынастарын, бір-біріне деген сыйластығын арттыру. Өз ойынан туындаған қиялды тәрбиешімен пікірлесе білуге тәрбиелеу.Мақал өсиет сөздерді қолдана отырып, жақсы-жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Ертегіні ойнауға қызығушылығын арттыру.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікірлесу, мақал, өсиет сөздер айту, таңғажайып сәт.
Қажетті көрнекіліктер: Үстел – үсті театрына арналған аңдардың бетперделері. Кіші көне үйшік,әдемі үлкен үйшік,плакаттар, ұлттық киімдер.

«Достық жыры» өлеңі айтылады.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл өлең не туралы айтылған?
Балалар: - Бұл өлең достық туралы айтылған.
- Ия, бұл өлеңде әр елдің, ұлттардың достығы туралы айтылған. Балалар, сендер дос дегенді қалай түсінесіңдер?
- Достар бірін-бірі алдамайды, бірін-бірі ренжітпейді.
- Достар бір-біріне көмектеседі.
Тәрбиеші: - Ендеше, сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар?
Гауһар: - Мен досымның өтірік айтпайтын шыншыл болғанын қалаймын.
Нұргүл: - Мен досымның адал, мейірімді болғанын қалаймын.
Мақсат: - Ал, мен досымның ақылды, намысты болса екен деймін.
Тәрбиеші: - Балалар, сендердің достарың бар ма?
Балалар: - Біз бәріміз доспыз.
Тәрбиеші: - Неліктен олай ойлайсыңдар?
- Біз топта бәріміз тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға тек жақсылық ойлаймыз.
- Біз бірге ойнаймыз, бірге оқимыз, бір-бірімізді ренжітпейміз.
- Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер.

Балалар шеңберге тұрады.
Қол алысып кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Тілегім көп сіздерге,
Тек тұрыңдар шеңберге
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру

Тәрбиеші: - Балалар, біз қайда жиналдық?
Балалар: - Біз достық шеңберіне жиналдық.
- Адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді?
- Өйткені шеңбердің бұрышы болмайды.
- Өйткені бақыт, қуаныш, достық адасып қалмайды.
- Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға кездеседі.
(Осы кезде жылаған баланың дауысы естіледі)

Тәрбиеші: - Балалар, бір сәт тынышталайықшы, жылаған баланың дауысы естілетін сияқты.
Бала кіреді.
Тәрбиеші: - Балақай, сен кімсің?
Бала: - Менің атым Бекзат.
- Ал сен неге жылап тұрсың?
- Мені достарым өздерімен бірге ойнатпайды.
- Неге ойнатпайды? Мүмкін сен оларды ренжіткен боларсың?
Осы кезде топқа бір қыз бала кіреді.
- Ия, ол өзінің жаңа ойыншығын бізге ойнауға бермеді.
- Бекзат, сенің ренжуіңнің реті жоқ. Сен өз ойыншығыңды оларға ойнай тұруға бермепсің. Ондай қызғаншақ болмау керек.
Жансая: - Апай, біз Бекзатқа өзіміздің білетін мақал, өсиет сөздерімізді айтып берейік. Досым көп болсын десең,
Айтпа жалған ешқашан,
Шыншыл бол, әрқашан.
Дәулет: Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
Азатгүл: Досың үшін долы боранға да шыда.
Уалихан: Кел Бекзат, біздің достық шеңберімізге қосылып, бізбен дос бол.
Бекзат: Рахмет, мен де сендермен дос болайыншы.
Балалар бәрі отырады.
Тәрбиеші: - балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, достық қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана болады деп ойлайсыңдар ма?
Перизат: Жоқ, достық тек адамдар арасында ғана емес аңдардың, жан-жануарлардың арасында да болады.
Тәрбиеші: Бекзат,сен байқадың ба? Перизат өте дұрыс айтты. Қане, балалар, аңдардың, жан-жануарлардың достығы туралы кім не біледі?
Ақнұр: Апай,сіз өткенде айтқан ертегіде аю қиратып алған үйді достары бірігіп үлкен етіп салды ғой.
Тәрбиеші: Осы «үйшік» ертегісін бәріміз білеміз бе?
Балалар: Әрине білеміз.
- Ендеше, біз осы ертегіні мына стол үстіндегі аңдардың бетпердесімен кейіпкерлерге бөлініп алайық. Қане кім не болғысы келеді?

Балалар бөлініп барлығы «үйшік» ертегісінің желісі бойынша ойнайды.
Тәрбиеші: - Міне, балалар, біздер ормандағы аңдардың достығына куә болдық. Білесіңдер ме, табиғаттың да әсем көрінісі достық белгісіне ұқсас келе ме?
- Ия, біз оны кемпірқосақтың керемет көрінісінен білеміз.
- Ия, бояулар достығының кереметін кемпірқосақтан білеміз. Ендеше, бізде бояулар түстерімен бір-бірімізге деген достық сезімімізді білдірейік.
Балалар: - Мен ақ бұлттар сияқты адамдардың бір-біріне ниеті ақ болса деймін.
- Мен жасыл түс – шөп сияқты Жер-Анаға көрік берер едім.
- Мен қызыл раушан гүлі сияқты айналама хош иіс бергім келеді.
- Еліміздің көк байрағындай биікте желбіреп, достығымыз арта берсе екен деймін.
- Мен күн сияқты достарыма жылы шуақ сыйлағым келеді.
- Талабымыз таудай биік болса екен деймін.
- Мен бейбітшілік құсы көгершін сияқты барша халыққа достық, ынтымақ тілеймін.
Осы кезде «Ақ көгершін» әні ойналады. Көгершін келіп қонады.
Тәрбиеші: Міне керемет, біздің тобымызға мұхиттың ар жағынан көгершін де ұшып жетіпті. Балалар, көгершіннің аузында хат бар сияқты. Бұл хатта жақсы тілектер жазылған екен. (Хатты оқиды)
Тәрбиеші: Тілегіңе көп рахмет, ақ көгершін! Біздің балалар, апайларға арнап «Дос болайық бәріміз» әнін орындайды.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама