Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Достық неден басталады?
Тақырыбы: Достық неден басталады?
Мақсаты: Балалардың арасында жағымды қарым – қатынас орнату, бір – бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету; балалардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету; балаларды сыйластыққа, әдептілікке, адалдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жүрекше, күн, слайдтар, суреттер.

Білім
Себепті – қозғаушылықтар
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Шаттық шеңбер:
Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек,
Көңілді болып жүрейік
Күлкіменен күлейік.
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.

Балалардың іс - әрекеті
Іс – қимылмен көрсетіп айту

Ұйымдастыру – ізденушілік.

Тәрбиешінің іс - әрекеті
- Балалар, бүгінгі оқу іс – әрекетімізде достық туралы ұғымымызды кеңейтеміз. Достық туралы өз ойларыңмен бөлісіңдер.
- Балалардың іс – әрекетін қалай түсіндіресіңдер.
- Қайсы баланы нағыз дос деп айтуға болады?
Мынау менің жүрегім.
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрі осыдан басқарған.
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Балалардың жауаптары
Іс – қимылмен айтып көрсету.

Жарас
Достық туралы тақырыптар айту:
Досым арық өзімнен,
Мен «екі» алсам, жүреді,
Ол қызарып үнемі.
Көріспесек екі күн,
Білем дереу жетуін.
Сөзде берік турады,
Айтқан жерден шығады.

Ақбота
Аянбайды ауырдан,
Аямайды бауырдан.
Жұмыс демем тым құмар,
Екі айттырмай тындырар

Береке
Өзін жиі сеземін,
Жатсынбайды адамды,
Жақтырмайды жаманды.
Қолғабысқа әрдайым,
Менің досым дап – дайын.
Үсті – басы тап – таза,
Міне осындай досым бар.

Рамазан
Елгезекпін, ешкімге де,
Өкпе, назым жоқ менің.
Кішіпейіл, ақжарқын,
Достарымда көп менің

Рауан
Достарым менің мақтанышым,
Алдыңғы сапта жүргендер.
Өнер, білім, спортта,
Намыс қорғай біледі.

Елдос
Тату өскен балалар,
Дос болады өмірде.
Досы жоқтың қуанышы,
Аз болады көңілде.

Бейбарыс
Сабақ оқып, сурет салып,
Ой бөлісіп жүреміз.
Татулықтан тамаша,
Жетістігін білеміз.

Айғаным
Су құйып ағаш түбіне,
Өсіреміз, күтеміз.
Көгалдандырып ауланы,
Ерінбей еңбек етеміз.
Неткен ғажап табиғат,
Қарап қайран қаламын.
Сұлулығын көркемдеп,
Қылқаламмен саламын

Алихан
Көршім жаңбыр астында
Қалғанымды көріп,
Қолшатырын ұсынды,
Достық көмек беріп.
Көктем, жазда, күзде емес,
Қыста да бірге жүреміз.
Өйткені жақсы өмірді.
Достықпенен сүреміз.

Музыка әуені ойнатылады, балалар көздерін жұмып, жағымды нәрселер елестеді.
Суретпен жұмыс

1. Достық туралы мақал – мәтелдер.
Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.
Дос басқа қарайды,
Дұшпан аяққа қарайды.

2. «Қандай» сұрағына мақал – мәтелдермен жауап. Адалдық, адамгершілік, достық, ізгілік туралы мақал – мәтелдер.
Әдепті бала қандай?
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама