Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Достық туралы мақал-мәтелдер жинағы

Достық туралы қазақ мақал-мәтелдері өз ара сенім, берік дос болу, бірлік пен татулықтың маңызын ашып көрсетеді. Міне, осы тақырыпқа байланысты бірнеше мақал-мәтелдер:

Досыңа сыр айтсаң, алдымен оның сырыңды сақтай алатынына көз жеткіз.

Достықта адалдық – басты қазына.

Ақылды дос алтыннан да қымбат.

Жақсы дос – жанға дауа.

Досыңды сынау үшін қиындыққа түс.

Досың жоқ болса, жалғызсың; бір досың болса, жартысың; көп досың болса, бүтінсің.

Шынайы достық өмірден күшті.

Достың қадірін алыста жүріп білерсің.

Дос көптік емес, сапа маңызды.

Бірлікте – күш, достықта – ынтымақ.

Нағыз дос қиын кезде танылады.

Дос жылатып айтады, душпан күлдіртіп айтады.

Жаман достан мың сақтан.

Жаман жолдастан жақсы дұшпан артық.

Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Ағаш тамырымен мықты, Адам дос-жарымен мықты.

Дос егіз, дұшпан сегіз.

Дос емес достың сөзін бөтен десе,
Достықтан бір өкпемен кетем десе

(Серәлі).

Дос емес досты сырттан жамандаса,
Кісі емес бір қатені жаба алмаса

(Ақмолда).

Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп айтады.

Дос көбейсе дұшпан аяқ астында.

Дос көңіліңді суытып айтады,
Қасың ойыңды жылытып айтады.

Дос көргеннен түңілме.

Дос көтерер көңілді,
Мал көтерер өлімді.

Досқа ат берме,
ат берсең «жай жүр» деме.

Досқа ауырлығыңды салма,
Достан қарыз алма.

Досқа келсең босқа келме.

Дос құшағы — жаз.

Доспен дос болғанша шаттан,
Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

Күлме досыңа, келер басыңа.

Досыңмен көп сөйлеспе,
Жолынан қалтырасың.
Дұшпаныңмен көп сөлеспе,
Сырыңды алдырарсың.

Дос сыртыңнан мақтар,
Дұшпан көзіңе мақтар.

Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.

Аз қайғыны ас басады,
Көп қайғыны дос басады.

Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.

Әкесі құрдастың баласы да құрдас.

Досыңа өтірік айтпа,
Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

Дос жылатып айтар,
Дұшпан күлдіріп айтар.

Қажымалы мың жолдас, жоқпен тең,
Жанын қиған бір жолдас, көппен тең.

Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды.

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Құрдастардың құдайы бір.

Тектімен достас, тексіз доспен қоштас.

Досыңның досын, досың ет.

Досы көпті жау алмас.

Жақсы досқа жақсы мал бер.

Досың ұрса аңқылда.

Досыңның пышағымен мүйіз кес.

Нағыз дос дұшпан болмас.

Дос айырған боқ жейді.

Есепті дос айрылмас.

Досыңның атын алма, тайын ал.

Ас бар күнде дос жалықпас.
Дос сүйгеннің түсіне қарама.

Дос табылса ас табылмайды,
Ас табылса дос табылмайды.

Айтулы достың малы бір.

Дос болып, қатасқаннан сақта құдай.

Қасқырда жолдасына жат қас қылмайды.

Ай көрмесең туысың жат,
Жыл көрмесең жолдасың жат.

Төбелеске бергісіз араша бар,
Ағайынға бергісіз жанаса бар.

Дос та дос, дұшпан да дос мал барында.

Жалған жолдас көзіне мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.

Айырылмас досыңа қайырылмас сөз айтпа.

Тістем нанның қадірін тарыққанда білерсің,
Анық достың қадірін зарыққанда білерсің.

Жақсы көрші тапқаның,
Мол олжаға батқаның.

Аталастан ауылдас жақын.

Жалған достан жау артық.

Өз басыңды дауға берсең де,
Жолдасыңды жауға берме.

Дос тұтқанды қадірле.

Жақсының күнде бір үйі кеңиді.
Жаманның күнде бір үйі кемиді.

Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің тәні семіреді.

Жақсымен жүрсең,
Жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең
Жын ұрып, бақсы боларсың.

Шошқаға ерген балшыққа аунар.

Пайданың зоры – дос үшін шеккен зиян.

Жолдасын тастаған жолда қалар.

Біреу жаныңа жолдас,
Біреу малыңа жолдас.

Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

Жартыны жарып жеген –
Татулықтың белгісі.

Жаңа дос келгенде,
Ескі достың көзінен жас шығады.

Достың орны — төр,
Дұшпанның орны – көр.

Жаман дос жауыңмен бірге шабады.

Досы жоқ адам —
Тұзы жоқ тағам.

Досыңа ат берме,
Ат берсең, ақырын жүр деме.

Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.

Тар жерде табысқан,
Кең жерде келіседі.

Елсізде ит те жолдас.

Қадіріңді білгің келсе,
Көршіңнен қарыз сұра.

Жолдасың жақсы болса,
Жолым ұзын деме.
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Көршің қолайлы болса, қораң кең.

Дос таппай көңіл тыным таппас.

Екі жақсы қосылса,
Өлгенінше дос болады.
Екі жаман қосылса,
Өлгенінше қас болады.

Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

Ерегескен ел болмайды,
Есептескен дос болмайды.

Ауыл итінің достығы
Сүйек тастағанша.

Қасың менен досыңды
Қас-қабағың танытар.

Жолдасты жол айырады.

Жаман жолдастан мықты таяқ.

Ұрыстың мерейі – ерлік,
Ырыстың мерейі – бірлік.

Ағаш тамырымен,
Адам досымен мықты.

Досыңды мақтағаның — өзіңді жақтағаның.

Татулық табылмас бақыт.

Айырылар дос ердің алдыңғы қасын сұрайды.

Жаман дос – көлеңке: басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмайсың.

Достық пен жолдастық
Тату үйдің бақыты тасыр,
Ұрыс-керіс үйдің ырысы қашар.

Жолдасы көптің – олжасы көп.

Қимас досың сұраса қимасыңды бересің.

 

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса — достық қымбат,
Мәнді болса — жастық қымбат.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды.

Дос бергеннің түсіне қарама.

Дос болмас сыртта жүріп мақтамаса, бірін-бірі жамаңдықтан сақтамаса
(Әбубәкір).

Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.

«Дос» деп сынамай сыр айтпа, достың да досы бар.

Дос досқа жалынса, достың көңілі алынады.

Дос досқа зиянкер емес, зиянкер болса дос емес.

 Дос туралы мақал - мәтелдер

- Дос - ажарың, жолдас - базарың.

- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.

- Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме

- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар

- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.

- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан

- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды

- Жаман жолдастан таяғым артық

- Күлме досыңа – келер басыңа

- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.

- Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.

- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?

Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,

Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.

Біріңді, қазақ, бірің дос,

Көрмесең - істің бәрі бос.

Жас күнде кімді көрсең - бәрі дос.

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

Жау қожандап бұртиып,

Дос құбылып әуре етер.

Жауға - мылтық, досқа - ынтық.

Досқа - жаз, жауға - аяз.

Жауға - жалынба, досқа - тарылма.

Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.

Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.

Екі жақсы дос болмас - сірне үстінде хаты бар,

Ежелгі дұшпан ел болмас - көңілінде кір, даты бар.

Күніңде өзім болдым деп - кең пейілге таласпа,

Артық үшін айтысып - достарыңмен санаспа.

Жақсы жолдас сыр шашпас.

Қандастықтан - жолдастықты жоғары қоюды қашан үйренер екенбіз?!

Дос көңілі бір атым насыбайдан қалады.

Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Достыққа достық - қарыз іс.

Дос - жылатып айтады, дұшпан - күлдіріп айтады.

Күлме досқа - келер басқа.

Дос - басқа, дұшпан - аяққа қарайды.

Дос есебі - көңілден.

Ағайын жат та болса көзге тәуір,

Өкпем жоқ, кеудемдегі бәрі - бауыр.

Жауымның дәлдеп салған найзасынан,

Досымның саусағымен шерткені ауыр.

Жақсыменен дос болсаң - күнде базар,

Жаманменен дос болсаң - көңілің азар.

Әйеліңмен дос бол - үйіңе береке кіреді,

Азаматпен дос бол - адамшылығыңды біледі,

Білімдімен дос бол - сасқанында ақыл береді.

Ақылсыз достан - ақымақ дұшпан артық.

Күле кіріп, күңіреніп шыққан достан сақтасын.

Жаман достан жақсы дұшпан артық.

Жеңілсе дұшпан - достық қыл.

Алыстағы дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман.

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Достық туралы көп сөзден достық пейілді бір іс артық.

Скифтер үшін достыққа адал адамдарға құрмет көрсетуден асқан абырой жоқ.

Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ.

Досын сатқан - қасын сатқанмен бірдей.

Құдалық та - достықтың дәнекері.

Дос көп болмайды.

Дүниеде достық заңынан асқан заң жоқ.

Досқа адалдық - рухқа адалдықпен бірдей.

Қанмен бекітілген достықты жаннан безген жаман бұзады.

Көзіңді ойып берсең де - дос көңілін қалдырма.

Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ.

Табын - табын малыңмен емес, қатар - қатар қосыңмен емес - ақ адал досыңмен мақтан.

Досыңның арына тигені - өзіңнің арыңа тигені.

Жаман жолдас белгісі - көкқұтандай кекиіп шекесінен қарайды.

Алдында тұрсаң - жуас қойдай: сені «дос» деп біледі,

Артында тұрсаң - аш бөрідей теріңді тіледі.

Амалы таусылған дұшпан шын достыққа көшеді.

Қиын күнде қол ұшын берген - нағыз дос,

Жайшылықта доспын деген - жай сөз.

Дос - зынданда жатқанда керек,

Дастархан үстінде - дұшпан да дос.

Дос емес дос сыртынан жамандаған.

Дос адам маңайынды жұмақ етер.

Өрге жүзген өнегелі ісімен,

Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.

Дос достың кемшілігін кешіре білер

 

дос туралы макал мател казакша, достык туралы макал мател казакша, дос туралы мақал мәтелдер, достық туралы мақал-мәтелдер, достык туралы макал

 

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама