Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
«Дүкенде» Жемістер
«Дүкенде» Жемістер
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өтілген тақырып бойынша оқушылардың жазылым дағдыларын тексеру және бағалау. Жаңа тақырып бойынша лексиканы беру, жаңа сөздер беру, және – ды, - ді, - ты, - ті, - ны, - ні жалғауларының дұрыс қолданылуын үйрету.
Дамытушылық: Сынақ хат арқылы жазылым дағдыларын дамыту, жаңа лексика арқылы сөйлесім дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: оқушыларды дұрыс тамақтануға, үстел басында әдепті болуға тәрбиелеуге бағыттау.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздену, ойлау, жеке жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, слайдтар т. б.

Сабақтың барысы: - Амандасу.
Лексикалық жаттығу: - Бүгін нешесі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қай сабақ?
- Біз қайда тұрамыз?
- Біз қай мектепте оқимыз?

Үй тапсырмасын тексеру: Берілген тапсырманы тексеремін.
Сабаққа кіріспе: - Балалар біз қандай тақырып өтіп жатырмыз?
- Қандай тағам түрлерін білеміз?
- Нан тағамдарын кім айтып береді?
- Сүт тағамдарын айтып шығайық

Ал бүгін біз осы тақырыбымызды жинақтап, тексеру мақсатында сынақ хат жазамыз.
Сынақхатқа дайындық.
Сынақхат. Дүкенде
Әжем мен Бота дүкенге барды. Олар нан, май, қант, шай, ірімшік сатып алды. Атам базардан алма, өрік, картоп, сәбіз, пияз сатып әкелді. Шешем тамақ дайындады. Тамақ дәмді болды.
Тақтаға жазылатын сөздер: ірімшік, сәбіз.
Міне, балалар, біз сендермен сынақхатты аяқтадық. Енді бүгінгі тақырыбымызды бастаймыз. Сабағымыздың тақырыбы: Жемістер.
Сабағымыздың мақсаты: Денсаулыққа өте пайдалы, дәрумендері көп жемістермен танысу.

Сөздік жұмысы:
Жемістер – фрукты
Же – ешь
Жедім – ел
Дәмді – вкусный
Керек – нужно
Ауыр - тяжелый
Жеңіл – легкий
Дәрумен - витамин

Сурет жұмысы: Қазір бір ойын ойнап жіберейік. «Теңге алу». Екі бала шығып, жерде жатқан тиындарды бір - бірлеп көтеріп, жемістерді атап отырады. Кім тоқтап қалса, сол ойыннан шығады.

Диалог жұмысы: 2 - тапсырмадағы диалогты оқып, аударып, осы диалогқа сүйене отырып өз диалогымызды құрамыз.
Жаттығу жұмысы: 5 - тапсырманы жазбаша орындатамын.

Сергіту сәті:
1. Мен бойымды тік ұстап,
2. Таянамын бүйірді.
3. Бір, екі, үш, төрт,
4. Бір, екі, үш, төрт.
5. Аяқты алға қоямын,
6. Жұдырықты түйемін.
7. Бес, алты, жеті,
8. Бес, алты, жеті.
9. Екі қолды көтеріп,
10. Мен шапалақ ұрамын.
11. Сегіз, тоғыз, он.
12. Сегіз, тоғыз, он.
13. Ал партаға қон

Сөйлеп үйрен: 4 - тапсырмада берілген сөйлеп үйрен айдарымен жұмыс жасаймыз.
Саша алманы жақсы көреді.
Валя жүзімді жақсы көреді.
Ары қарай осы кезекпен оқып шығамыз да, жемістердің орындарын ауыстырып, жалғаулармен жұмысты жандандырамыз.

Бекіту: - Қандай жемістермен таныстық?
- Сен не жақсы көресің?
- Жемістерде не бар?

Сабақты қорыту: - Бүгінге сабақта қандай тақырыппен таныстық?
- Не түсіндік?
- Не түсініксіз болды?
Бағалау: Балаларды бағалаймын.
Үйге

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама