Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Дүние жүзі мемлекеттерінің мектеп формалары

Мектеп формасы ең алғаш  патша Генрих VIII заманында  Англияда ойлап табылып, 1870 жылы елде 5 пен 13 жас аралығындағы балалардың тегін бастауыш білім алуы туралы заң қабылданғаннан кейін Британия бойынша мектеп формасы жаппай таралды. Қазіргі кезде Британияда мектеп формасын кию бәз баяғыша ардақты іс болып табылады. Басқа еуропа елдерінде болса дәстүрлі мектеп формасы баяу жойылуда.

Патшайым Анна атындағы мектептің оқушылары, Ұлыбритания, Беркшир

 

Мектеп формасы міндетті болған елдер арасында Азия көш басында.

Жапония

Мектеп формасын кию дәстүрі Жапонияда он тоғызыншы ғасырда пайда болған.


Қазіргі кезде Жапонияда шотландық стильдегі мектеп формасы әйгілі, белдемшелер классикалық килт сияқты тартан суретімен безендірілген.

 

МАЛАЙЗИЯ

  Малазиялық оқушылардың формасы өте қарапайым, жұмыс киім сияқты көрінеді.

 

 ВЬЕТНАМ

Хошимин көшесіндегі вьетнамдық оқушылар.

 

ШРИ-ЛАНКА 

Шри-Ланка оқушыларының дәстүрлі мектеп формасының түсі ақ.

 

МЕКСИКА

Мексикада жарқын, ашық түстегі мектеп формасын жақсы көреді. Көк, жасыл түстегі формалар, сонымен қатар шотлан халық костюмінің вариациясы: ақ  көйлек, торлы белдемше де кездеседі.

 

МАДАГАСКАР

Мадагаскар, Антананариву провинциясы. Мектеп формалары жасыл түсте.

 

ГОНКОНГ 

Гонконгта мектеп формасын кию дәстүрі мегаполис британияның колониясы болған кезде қалыптасқан, содан болу керек оқушылардың мектеп  формасы британ колледж оқушылараныңың  формасына ұқсайды.

 

ТАИЛАНД

Таиланд оқушылары мен студенттері  форма киюге міндетті, көбінесе классикалық түрде, яғни үсті ақ, асты қара (суреттегідей).

 

ТАЙВАНЬ 

Тайвань Жапонияның басқаруында болған кезде аралда мектеп формасы 1895 пен 1945 жылдар арасында пайда болды. Қазіргі кезде бастауыш және орта мектептерде мектеп формасы қабылданған. Жергілікті мектеп формасының ерекшелігі оқушылар  теңізшілердің галстугін тағады. Кей кездері бастауыш мектептерде балаларға теңізшілердің киміне ұқсайтын костюм кигізеді.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама