Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дүние жүзінің саяси картасы
География 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы.
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
Дүние жүзінің саяси картасы туралы білімін кеңейтіп, тереңдете түсу. Оқушылардың біліктілігін дамыту, оқу пікір алмасуына қатысу, сыныптың жауаптарын бағалау.
Көрнекілік:
Дүние жүзінің саяси картасы, ҚР саяси әкімшілік картасы, таратпа материалдар, интерактивті тақтамен жұмыс, флипчарттар.
Сабақтың түрі:
АКТ пайдаланылған сабақ.
Сабақтың типі:
Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі:
Сұрақ - жауап, сөзжұмбақ шешу, тест тапсырмалары, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру
4 топқа - 4 спикер сайлау, әр топқа бағалау парақтарын беру. Оқушылардың өзін - өзі бағалауы.
2. Үй тапсырмасы:
3. Қызығушылығын оятуға сөзжұмбақ шештіру.
4. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Саяси картаның мәні
2. Саяси картаның мазмұны
3. Саяси картаның ерекшелігі
Білімді бекіту:
Кескін картамен жұмыс жасау.

Эпиграф: «Саяси картаны - саяси география ғылымы зерттейді, оның маңызы өте зор. Ол дүние жүзі елдерінің аумағын астаналарын қамтиды. Сонымен бірге халықаралық жағдайды, мемлекеттік құрылымды, саяси ұйымдарды көрсетеді. Саяси карта мемлекеттік және ғылыми қызметкерлер саясаткерлер, политологтар үшін таптырмайтын құжат»

Сұрақ: Д. жүзінің саяси картасының басты қызметі қандай?
Эпиграфтағы сөздерге келісесіңдерме?
Қандай жағдайды саяси картадан көре алмайсыңдар?

Электрондық оқулық
Тыңдаған электрондық оқулықтағы сұрақтармен, өздеріңнің оқулық мәтінін салыстыра отырып, мынандай сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Саяси картаның маңызы қандай? 1топ
2. Саяси картаның қалыптасуы қандай кезеңдерден тұрады? 2 топ
3. 19 ғ. соңы мен 20 ғ. Басында қандай маңызды оқиғалар болды? 3 топ
4. 20 ғ - ң 50 - 60 жылдардағы отарлық жүйенің күйреуі қандай роль атқарды. 4 топ
5. ХХ ғ. 80 - 90 ж. Соңынан жүйенің ыдырауы саяси картаға қандай өзгеріс енгізді?(Өте жақсы жауап берген топ айтады)

Саяси картаның қалыптасу кезеңдері
1 топқа - Ежелгі Рим, Ежелгі Византия(Египет, Қытай, Византия, Рим) Кескін картаға осы мемлекеттерді тауып түсіріңдер
2 топқа - Орта ғасырдағы саяси картаның қалыптасуы (Византия, Араб халифаты, Әулие Рим империясы, Киев Русі, Алтын Орда) Кескін картамен жұмыс
Бұл орта ғасырлардың ерекшелігі бөлшек - бөлшекке бөлінді.
3. Жаңа кезең - 4-ке бөлінді
А) Географиялық ашулар
Б) 17 ғ.- 1-ші д. ж. соғыстың аяқталуы.
В) 2д. ж. соғыстың аяқталуы
4 – топқа Отарлардың күйреуі (Африка, Азия) Кескін картамен жұмыс
5 Ең жаңа кезең
Социалистік жүйенің ыдырауы
ТМД - ның құрылуы
Германияның бірігуі
Чехия мен Словакияның бөлінуі
Югославияның ыдырауы
Эфиопиядан Эритреяның бөлініп шығу
Топтан 2 оқушы шығып қорғайды
Сонымен саяси картаның легендасы туралы не айта алар едіңдер?
Саяси картада өзгерістер әртүрлі жағдайға байланысты. Ең алдымен сан және сапа жағынан өзгереді
Бұндай жылжуларды Қазақстан саяси - әкімшілік к. көруге бола ма? Және осыған нақты мысал келтіріңдер.
Сапалық өзгерістер - суверендік, жаңа мемлекеттер.
Қазіргі кезде саяси карта мозайкаға ұқсайтын сан - алуан түрлі. Ірі дамыған алпауыттар, артта қалған қайыршы елдер бар. Жер жетіспеушілік жылдан – жылға артып келеді. Бұл көрсеткіш Азия, Африка, Л. Америкасы, елдеріндегі шаруашылықты дамытуға кесірін тигізіп отыр. Сайып келгенде мемлекеттердің саяси экономикалық дамуына, жұмыссыздық, Экономикалық жағдайдың нашарлауы табиғи өсімнің жоғарлығы әсер етеді.
Қане ол қандай елдер?(Африка, О. Оңтүст. Азия, Оң. Батыс Азия)

Қорытынды: Өкінішке орай шекаралық территориялық сұрақтар әрқашанда жер бетінде шиеленісті жағдайлар мемлекеттердің таралуы және халықаралық қақтығыстарға әкеп соғуда, жерге таласушылық көбеюде. Саяси картаға тән қасиет – жоғары қарқындылық. Ол саяси географияның жағдайының өзгеруіне жаңа мемлекеттердің тәуелсіздік алуына, 1 мем 2 - ші мемлекеттің бірігуі, мемл. Аудандарының өзгеруі т. б.
Бұл элементтер саяси картаның басты элементтері болып табылады
Сендердің осы тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді тест арқылы көрейік!

Үйге тапсырма:
БҰҰ мен Қазақстан арасындағы байланыс хабарлама
Бағалау:
Оқушылар өз – өздерін бағалайды. Оны сабақ аяғында мұғалімге береді

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама