Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
ШҚО Үржар ауданы, Үржар ауылы,
«Б. Тұрлыханов атындағы орта мектебі - бақшасы» КММ
информатика пәнінің мұғалімі Масылбекова Гульмира Болатовна

8 - сынып
Сабақтың тақырыбы: “Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Excel - дің графикалық мүмкіндіктері, Диаграммамен жұмыс істеу, графикалық обьектілерді біріктіру туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелілік: Жан - жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Диаграмма шеберінің жұмысын дамыта оқыту.
Сабақтың түрі: практикум элементтерінің көмегімен демонстрациялау, баяндау арқылы түсіндіру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
1. Ұяшықтарға енгізілген деректерді тігінен орналастыру үшін не істейміз?
Енгізілген деректерді белгілеп, ұяшықтар форматы туралау командасын қолданып тік туралауды таңдаймыз
2. Деректерді сақтау үшін қандай амалдар орындаймыз?
Файл – сохранить как командасын орындаймыз
3. Формула қандай символмен басталады?
“=” белгісінен
4. Жұмыс кестесін автоматты түрде форматтау үшін қандай команда қолданамыз?
Аумақты белгілеп, формат - аытоформат командасын орындаймыз
5. Кесте шекараларын жиектеу үшін қай менюді қолданамыз?
Формат ячеек – граница командасынан тиісті жиектеуді таңдаймыз
6. Кестені баспаға шығару жолдарын ата.
Файл - печать командасын таңдаймыз немесе саймандар панелінен “печать” құралына басамыз
7. Сандардың қосындысын есептейтін формуланы атаңыз
СУММ

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау
Бірақ бұл біз бұдан да нақты графиктік түрде осы ақпаратты ұсына аламыз ба әрине көрсете аламыз. Ол үшін Excel программасының арнайы мүмкіндігі Диаграмма мастерін пайдаланамыз. Балалар сендер өмірде диаграмманы көрдіңдер, енді осы диаграммаларды өзіміз тұрғызып үйренеміз.
Диаграмма сандық мәліметтердің өзгеруін айқындап көрсетуге мүмкіндік береді. Excel диаграмманы гистограммалар, бағандар, пирамидалар, конустар және т. б. түрінде құруға мүмкіндік береді.
Оларға түсініктеме мәтін, тақрыптар және т. б. қосуға болады.
Диаграмма - бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі.
Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.
Диаграммалардың мынадай типтері болады:
Бағаналық
Сызықтық
Дөңгеленген
Нүктелік
Сақиналық
Көпіршіген
Жапырақшалық
Цилиндрлік
Конустық
Пирамидалық және т. с. с

Диаграмма типтері:

Диаграмманы құру үшін:
диаграмма құратын мәліметтерді енгізу;
диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу;

Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;
Диаграмма шебері диалогтік терезесіндегі диаграмма түрін таңдау қажет;
Келесі қадамға өту үшін «Далее» (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;

Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін Дайын (Готово) батырмасын шертуге болады,
онда Диаграмма шебері диаграмманы құруды аяқтайды;
Соңғы терезедегі Дайын батырмасын шертіңіз.

Практикалық кезеңде 8. 5 тақырыпқа арналған
8. 5 тапсырма практикумын компьютерде орындау

2. Осы кестеге диаграмма құру.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. Диаграмма деп нені атайды?
2. Диаграмманың қандай түрлері бар?
3. Excel диаграммасының негізгі түрлерін атаңыз.
4. Excel диаграммасының құрылу ретін жазыңыз.

VI. Оқушыларды бағалау
V. Үйге тапсырма беру
Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама