Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Дифференциалдауға есептер шығару.
Ашық сабақ
Алгебра 10 сынып
Тексерген: Г. Н. Ақболатова
Сабақтың тақырыбы: Дифференциалдауға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың туынды, туындыны есептеу ережелері, күрделі және тригонометриялық функциялардың туындысы жөнінде алған білімдерін тереңдету.
Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, үлестірмелі карточкалар, формулалар
Сабақтың түрі: топтық және ұжымдық
Сабақтың өту әдісі: аралас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй жұмысы тексеру №469(1) №470(1)
ІІІ. Формулалар сөйлейді топтық жұмыс
ІV деңгейлік тапсырмалар Есептер шығару
1) ұжымдық жұмыс
2) Жұптық жұмыс
3) Топтық жұмыс
V. Біліміңді сынап көр.( тест жұмысы)
VІ. Қорытындылау:
VІІ. Бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма беру

Өту барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа қатысын тексеру, сабақтың мақсат міндетін түсіндіру.
ІІ. Үй жұмысы №469(1), 470 (1) тексеру
№469 (1) f(x)= x2 - 2√x мұндағы x=4
жауабы: 7, 5
№470 (1) f(x)= х - sin2x f /`(x)= 0 теңдеуін шешу
жауабы: ±π/6 +πn n∈Z

ІІІ. Формулалар сөйлейді. Екі топқа туынды тараулары бойынша формулаларды жазып, ережелерін айту.
І топ (туындының негізгі формулалары, күрделі функцияның туындысы, туындының физикалық мағынасы).
ІІ топ (Тригонометриялық формулалар, жанама теңдеуі, туындының геометриялық мағынасы).

Дифференциалдауға есептер шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама