Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Егер сақтанғыңыз келсе

Достың күлкісінен сақтан,
Дұшпанның табасынан сақтан.

Жаманның жаласынан сақтан,
Пәлеқордың пәлесінен сақтан.

Астың аласынан сақтан,
Ұшынған өрттен сақтан.

Дауасыз дерттен сақтан,
Тасыған судан сақтан.

Екі жүзді қудан сақтан,
Шайтанның азғыруынан сақтан.

Арақтың аздыруынан сақтан,
Аса байлықтан сақтан,

Сайқал қатыннан сақтан,
Есуас әкімнен сақтан.

Ата–анаға кінәлі болудан сақтан,
Дін алдында күнәлі болудан сақтан.

Дереккөз: Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама