Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Егер сыйлағыңыз келсе

Үлкенге - сәлем,
қуантқанға - сүйінші,
соғымнан - сыбаға,
егіннен - кеусен,
малдан - көгендік,
балаға - базарлық,
киімге - байғазы,
сәбиге - көрімдік,
төркіндеген қызға - қалау,
көрші қонғанға - ерулік,
көшкенге - айрылысар көже,
досқа - ескерткіш,
жетім-жесірге - қолқайыр,
мүсәпірге - садақа,
алғашқы қымыздан - қымызмұрындық,
соңғы қымыздан - сіргежияр,
дәулетіңізден шүлен таратып бересіз,
тойға - тойана,
құдалыққа - киіт,
үйлену тойына - немеурін,
азаматқа - сыйлық,
қуанышқа - шашу,
сағынғанға - сәлемдеме,
асқа - сабамен қымыз, сойыс,
қазаға - аза апару.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама