Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер жүйесі
Білімділік мақсаты: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік және жаңа айнымалы енгізу тәсілдері арқылы шешудің әдістерін оқып - үйрену.
Дамытушылық мақсаты: Сызбаларды дұрыс сала білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Жинақылыққа тәрбиелеу..
Типі: жаңа білімді игеру.
Түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сұрақ - жауап. Ой қозғау.
Көрнекілігі: Карта.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.№43
1. Екі айнымалысы бар теңдеулер.
2. Геометриялық мағынасы.
3. Жеке тапсырмаларды тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Теңдеулер жүйесін шешу.
Ауыстыру. Қосу. Симметрия.

Жаңа айнымалы енгізу тәсілі Графиктік әдісі
1. Графиктік әдіспен шешу.
– теңдеулер жүйесіндегі айнымалылардың бірін аргумент, ал екіншісін функция ретінде қарастырамыз.
- теңдеулер жүйесіндегі әрбір теңдеудің графигін координаталар жүйесіне саламыз.
- Теңдеулер графиктерінің қилысу нүктелерінің координаталарын анықтаймыз.
- Жүйенің жауабын айнымалының сандық мәндерінің жұбы түрінде жазамыз.
2. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі.
Мыс: х+у+2ху= 7, ----------- х+у= u ----------- u+2v=7 ------------ u=3
ху+2(х+у) =8 ----------------- xy=v -------------- v+2u=8 ------------ v=2
---------------------------------- x+y=3 ------------ Жауабы: (2; 1); (1; 2)
---------------------------------- xy= 2

Бекіту.
№47 Теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешіңдер.
х+у=5
ху=6

№46 Теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу әдісі арқылы шешіңдер:
х+у=1,
х2+у2=25

В тобы: Теңдеулер жүйесін графиктік әдіспен шеш:
х2 - 4х - 2у - 5=0
ху+2=0
С тобы: №53 есеп.

Бағалау. Деңгейлік есептер шығару барысында бағалау.
Үйге тапсырма беру

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама