Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Екі жұлдыз - 2013
Тақырыбы: «Екі жұлдыз - 2013»

І - жүрг: Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден!
ІІ - жүрг: Армысыздар, қалың ел қазақ жұрты,
І - жүрг: Ассалаумағалейкум! Мектеп ұжымы. Бүгінгі «Күйші» үйірмесінің ұйымдастыруымен өткелі отырған «Мәдениет сарайы» байқауына қош келдіңіздер!!!
ІІ - жүрг: Бүгінгі ұйымдастырылған сайысымыздың мақсаты, мектебіміздің мәдени - рухани байлығын арттыру, мәдениет сарайының ханзадасы мен ханшайымын анықтау.
І - жүрг: Олай болса үйірмеміздің күмбірлеген күй шашуын қабыл алыңыздар!
ІІ - жүрг: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән - шашу әсем бимен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады.
І - жүрг: сайысқа жиналдык бугын тагы
біздерді кызыктасын журттын барі
ал жұптар онерынды корсетындер
жанар екен бугынде кымнын багы
ІІ - жүрг: Олай болса сайысымызға қатысушы жұптарды ортаға шақырайық.
№1 жұп 7 – сынып оқушылары
№2 жұп 8 – сынып оқушылары
№3 жұп 9 – сынып оқушылары
№4 жұп 10 – сынып оқушылары

І - жүрг: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.
ІІ - жүрг: Ендеше әділ баға берер әділқазыларымызды таныстырып өтейік.

ІІ - жүрг: Сайысқа қатысушы жұлдызды жұп дайын, әділқазы орнында. Енді не жетіспей тұр?
І - жүрг: Қалай ғана байқамайсың, онсыз қатысушылардың да, әділқазының да керегі жоқ. Ол әрине сайыс бөлімдері.
І - жүрг: Олай болса халықты сайыс бөлімдерімен де таныстырып өтелік,
1. Өнер – ұлт байлығы
2. Қолөнер – байлық, мол мұра
3. Көркемдік киім үлгілері
4. Тәуелсіздік арнауымды қабыл ал!
5. Жұп аралық сұрақ - жауап
6. Жұлдызды жұптардың вальсі

ІІ - жүрг: Мінекей, сайысымыздың шарттарымен таныс болдық. Ендеше сайысушы жұлдызды жұптарымызды сахна сыртына сәттілік тілеп шығарып салайық.
І - жүрг: Сайысымыздың алғашқы бөлімі Жұлдызды жұптардың өздерін таныстыруы. Барлық жұптар сахнаға алдын – ала келісілген реттік номерлерімен шығады. Олай болса сахнада №1 жұп. Қарсы алыңыздар!
ІІ - жүрг: Сахнада №2 жұп
І - жүрг: Сахнада №3 жұп
ІІ - жүрг: Сахнада №4 жұп
ІІ - жүрг: Мінекей кереметтей жұптарымызбен танысып алдық. Ал, осы таныстырулар әділқазы алқасы мүшелеріне ұнапты ма? Бағаларды қарасақ.

І - жүрг: Сонымен сайыстың ең негізгі бөлімін артқа тастап, келесі бөлімге де аман есен жеттік.
ІІ - жүрг: Йә, бұл бөлімде сайысушы жұптар өз өнерлерін көрсетеді. Өйткені, келесі бөліміміз Жұлдызды жұптардың өнерін сынауға арналған.
І - жүрг: Сонымен өз өнерімен сахнада №2 жұп
ІІ - жүрг: Сахнада №3 жұп
І - жүрг: Сахнада №4 жұп
ІІ - жүрг: Сахнада №1 жұп
ІІ - жүрг:.........................., көрдің бе? Мектебімізде не деген керемет өнер жұлдыздары бар екен. Ендеше, сол өнерпаздарымыздың алған бағаларын сарапталық.
І - жүрг: Әрбір адамның өз ойлау жүйесінде белгілі бір қиялға беріліп жүреді екен. Ол қалай десең? Осы қалай жасалады екен, ананы немен жасапты, мынадан не шығады екен деген сияқты?!
ІІ - жүрг: Сонда сен осы түріңмен келесі бөліміміздің тақырыбын жеткізіп тұрмын дейсің ғой. Йә, йә әрбір адамның қолынан қолөнер бұйымдарын жасау келеді. Тек оны дамыта білу керек. Ал жұптарымыз бұл жағына қалай қарайды екен. Тексеріп көрелік алдарыңызда №3 жұп қолөнер бұйымдарын таныстырады.
І - жүрг: №4 жұп
ІІ - жүрг: №1 жұп
І - жүрг: №2 жұп
І - жүрг: жұптарымыздың қолөнер бөлімі бойынша алған ұпайларын білсек.

ІІ - жүрг: Қазақстан азат ел, йә. Өзінің картасы бар, жері бар, елі бар, табиғаты бай. Жасырмай - ақ қояйын, келесі бөлімімізде жұптарымыздың табиғи элементтерден немесе табиғи дүниелерден дайындаған сән үлгілерін немесе жай сөзбен киім үлгілерін, олардың неден жасалғанын, тақырыбын толық білеміз деп ойлаймын.
І - жүрг: Йә, йә. ендеше. Сайыс кезегін №4 жұпқа берелік.
ІІ - жүрг: №1 жұп
І - жүрг: №2 жұп
ІІ - жүрг: №3 жұп
І - жүрг: Ендеше халайық, көп кешікпей бұл бөлімнің де бағаларын білетін боламыз.
ІІ - жүрг: Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері міне, 21 жылдың жүзі болып қалды. Тәубе дейміз, еліміз осы жылдар ішінде аз жетістіктерге жеткен жоқ. Атап айтсақ, сан жетпестей. Ал, келесі бөліміміздің ережесімен таныспас бұрын, қатысушыларымызды сахна төріне шақырып алайық.
І - жүрг: Құрметті сайыскер жұптар біз 5 асудан асып сайысымыздың Жұптарымыздың сұрақ - жауабы бөліміне де жеттік. Бұл бөлімде сіздерге алдын - ала дайындап келуге берілген әрбір жұптан 2 сұрақ қойылады. Ал сайыс сол жинаған әрбір сұрақтың 1 ұпайымен есептелінеді. Егер 6 сұраққа жауап берсе 6 ұпай дегендей.
ІІ - жүрг: Бұл сайысымызды көптен - күткен №1 жұбымыз бастайды.
ІІ - жүрг: Қатысушы жұптар сайысын ары қарай жалғастыра берер, ал біз келесі кезекті әнге береміз:......................... әні орындайтын..............
І - жүрг: Адам болған соң романтика, лирика деген ұғымдарға қызыға қараймыз. Ал, осы ұғымдардың соңына би сөзін қоссақ, онда әрине қиылған қасты қыздарымыз бен жомарт жанды жігіттеріміздің мың бұратылған вальсі елестейді.
ІІ - жүрг: Олай болса келесі бөліміміз жұлдызды жұптардың вальсі. Сахнада №2 жұптың вальсі.
ІІ - жүрг: Сахнада №3 жұптың вальсі.
І - жүрг: Сахнада №4 жұптың вальсі.
ІІ - жүрг: Сахнада №4 жұптың вальсі.
Олай болса жұлдызды жұптар билеген вальстің бағасын білейік.
І - жүрг: мінекей сайыс соңы таяп қалды. Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын шығарып болғанша кезекті әнге берелік:............................ әні орындайтын.................................

І - жүрг: Міне, зымырап уақыт шіркін өте шықты. Мәдениет сарайымыздың ханзадасы мен ханшайымының есімдерін білетін кезде келіп жетіпті.
Марапаттау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама