Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің квадраттарының айырымы

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Формуласын өрнектерді түрлендіргенде пайдалануға үйрету. Есептер шығару.
Дамытушылық: Оқушыны ұқыпты тыңдауға, нақты жауап беруге, теореманы практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдай білуге, өз білімін көрсете алу және шығармашылық қабілеттерін ашуға үйрету. Есеп шығару барысында оқушыларды шапшаңдылыққа, жан- жақтылыққа үйрету
Тәрбиелік: Оқушыларды алғырлыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа баулу, сабаққа белсенділігін арттыру
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, сөздер жазылған қорапшалар, семантикалық карта, тақырыпқа байланысты жасалған слайдтар, суреттер.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру Оқушылармен амандасып, түгендеп, оқу-құралдарын тексеру.
ІІ.Қызығушылығын ояту
Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырып бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
№154

Оқушыларға өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады.
1) Екі өрнектің квадраттарының айырымы неге тең?
2) Формуласы қандай?
3) Геометриялық мағынасында қандай фигура қолданылады?
4) Формулалары қайда қолданылады?
5) неге тең?

ІІІ. Мағынаны таны
Балалар, бүгінгі сабақта біз өткен тақырып бойынша есептер шығарып, өз білімімізді шыңдаймыз. Сабағымызды ойын түрінде жүргіземіз.
«Мақсатқа жету» ойынын ойнайық. Тақтаға қарасаңдар әр түрлі мамандықтар суреттері ілулі тұр. Әрбір суреттің артында есеп жасырылған. Қанекей кезекпен шығып, тапсырмаларын орындайық.
(9 карточкада 9 есепті тақтада оқушылар орындайды)
Демек, балалар, белгілі бір маман иесі болу үшін біздің біліміміз терең болуы керек және оған көп дайындалу қажет.
Дәрігер
Мұғалім
Аспазшы
Ғарышкер
Шаштараз
Құрылысшы
Сәулетші
Дизайнер
Ұшқыш
Программист
Инженер
Полиция қызметкері

Әр мамандықтың артында тақырыпқа байланысты есептер жазылады.
Сергіту сәті.
Сандар туралы мақал-мәтелдер
Әр қорапта сөздер орналасқан, сол сөздерден мақал-мәтел құрастыру керек
Оқулықпен жұмыс
ІҮ. Ой толғаныс
Үйге тапсырма беріледі.
№173 есеп

Y.Қорытынды.
Семантикалық карта. (Семантикалық картада есептер жазылады)
Жасырын сөз: Е Л Б А С Ы
Сабақты Н. Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа.
ҮІ. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама