Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Екі соқа

Бір заводтан әм бір кесек темірден екі соқа істеліп шықты, олардың біреуі кешікпей егіншінің қолына түсіп жер жырта бастады. Біреуі ешбір кәсіпсіз дүкенде жатты. Егіншінің қолындағы соқа жер жыртқаннан ағарып күмісше жылтырап тұрды, дүкендегі соқа тот басып қарайып жатты. Бірнеше уақыт өткен соң екі соқа жолығысты. Сонда дүкендегі соқа егіншідегі соқадан сұрады: не себепті сен мұнша жалтырайсың?—деп.— Жұмыс қылып мехнаттанғаннан. Егер сен де жұмыс қылып мехнаттансаң, мендей жарқырап тұрар едің, — деді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама