Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
11 сынып
«Экология және қоршаған орта»
Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары

Түсінік хат
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Тіршілікте ең жоғары құндылық деп түсінетін экологиялық, эволюциялық ойлау деңгейлері қалыптасқан, биологиялық мәдениетін меңгерген, дүниенің ғылыми бейнесінің биологиялық саласын бағдарлай алатын, тірі табиғатты зерттеу әдістерінен қажетті білімдері бар, цитология мен генетикадан білімдерін дамыту, зат алмасу үрдістері және тәрә ағзалардың жалпы қасиеттері туралы мағлұматтарын кеңейту.

Курстың мақсаты:
Оқушылардың экологиялық білімдерін тереңдете отырып, оларды
шығармашылықпен ойлауға, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету.

Курстың міндеттері:
- Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру проблемасын теориялық жағынан негіздеу.
- Экологиялық тәрбие мен білім беруді жергілікті жердің табиғатын қорғау міндетімен ұштастыру.
- Оқушы экологиялық білімін табиғатқа қамқорлық жасауға дағдаландыру жолдарын қарастыру.
- Болашақ мамандық таңдауға ықпал ету.

Оқушылардың дайындығына қойылатын талаптар:
Табиғатты пайдалануда өнегелілік және құқықтық принціпті сақтау,
өзінің тұрғылықты жерінің табиғатын белсенді қорғауы, оқып үйренуге,
табиғатты белгілі бір мөлшерде пайдалануды, экологиялық жауапкершіліксіздіктің кері әсері туралы идеяларды насихаттауды жаңа көзқарас негізінде қалыптастыру.
- ҰБТ – ға дайындық, интернет желісін пайдалану.
Пәнаралық байланыс: химия, математика, география, экология, тәнтану, жануартану.
Кәсіпке бағдарлау: биология, медицина, ауыл шаруашылығы, химия, биотехнология, экология бағытында даярлау.
5. Курсты ұйымдастыру формасы: дәріс ( лекция ), ойын, есептер шығару,
топтық және жұптық оқыту әдістері, интерактивті оқыту әдістері, семинар.

6. Курсты оқытуды аяқтау формасы:
- рефераттар жазып қорғау, оны әрі қарай шығармашылықпен жетілдіру, ғылыми жоба жасап қорғау.

7. Оқу жетістіктерін бағалау:
- деңгейлік сұрақтар арқылы, тесттік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, өзіндік сынақ жұмыстары арқылы.

Тақырып жоспарының мазмұны.
Экология негіздері (20 сағат)
Экологияға кіріспе. Ағзалардың негізгі тіршілік ортасы. Орта факторлар мен тірі ағзалар. Биологиялық ырғақ. Радиация. Жарық және жарық кезеңдері. Фотосинтез. Ауа, су, топырақ экологиясы. Антропогендік факторлар. Биологиялық күрес әдістері. Адамзаттың экологиялық проблемаларды шешу жолдары. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары. Апатты аймақтардың зардаптары қаншалықты. Өсімдік, жануарлар экологиясы. Қазақстан дәрілік өсімдіктері

Биосфера. Биосфераны қорғау (6)
Қазақстан дәрілік өсімдіктері. Биосфера. Биосфераны қорғау. Биосфера туралы В. Вернадский ілімі. Табиғат ел байлығы. Жердің озон қабаты

Мұғалім: Исабекова Куляш Құрманқызы
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама