Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Экологиялық жұмбақтар
Экологиялық жұмбақтар
Тырсылдап түседі,
Жерге түскен соң
Ғайып боп кетеді.
(бұршақ)

Жұрттың бәрі оны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
(Күн)

Бір түкті кілем,
Бір түксіз кілем.
(Жер, аспан)

Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің.
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
(Ауа)

Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ тістеп алады.
(Аяз)

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұшады.
(Боран)

Жазда жатсаң - көлеңкесіне алады,
Қыста жақсаң - жаның рахат табады.
(Ағаш)

Отқа жанбайды,
Суға батпайды.
(Мұз)

Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ қашады.
(Жел)

Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады.
(Жұлдыз)

Жылт - жылт етеді,
Жырадан өтеді.
(Су)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама