Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
Сабақтың тақырыбы: Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі
МАҚСАТЫ: Оқушыларға Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.
Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу. Оқушылардың бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар тақырыпты өз бетінше меңгере алды, экстремизм мен терроризм туралы мәлімет алып, топта жұмыс жасап қабілеттері қалыптасты, БАҚ құралдары мен ғаламтор материалдарын пайдалана отырып, өмір қауіпсіздігіне жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерін қалыптастыра білді.
Ресурстар: Видеоролик " "Менің елім - Қазақстан " видеоролигі, "Экстремизм опат болудың жолы" т. б жарнама роликтері, слайдтар, стикерлер, постер, интернет материалдары, қағаздар, оқу құралдары.
Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ – жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту, нақты дәлелдер келтіру/

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 минут)
Салемдесу. Келген қонақтармен таныстыру.
Саламатсыздар ма, құрметті қонақтар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен кезекті дінтану факультативінің кезекті сабағын бастаймыз. Сабағымызды бастамас бұрын оқушылар топқа бөлініп алайық.
Тарихшылар, дінтанушылар, саясаткерлер болып үш топқа бөлініп алдық, сол бойынша отырамыз.
Миға шабуыл (5 минут)
Алдымен "Менің елім - Қазақстан " видеоклипін тамашалайық.

ІІ. Қызығушылық ты ояту (1 минут)
Мұғалім: Сіздердің көргендеріңіз Тәуелсіз Қазақ елі. Қазіргі гүлденген Қазақстан - тұрақты экономикалық өсімі бар, қоғамдық келісім мен орнықты саяси жағдайы қалыптасқан көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып табылады. Еліміз өзінің алдына қойған мақсатына үшін дүние жүзіндегі дамушы мемлекеттер қатарына жету жолына нық қадам басуда. Дүние жүзілік аренада еліміздің айрықша орын алуына көз тігуші мемлекеттер қатары көбеймесе азаймағанын бәріміз білеміз. Міне осындай елімізді әлсірету үшін көптеген себептер баршылық. Солардың бірі көпшіліктің санасына әсер ету. Елімізге 90 жылдардың бас кезінде бізге жат "Терроризм, экстремизм" деген сөздер ене бастады. Бұл сөздердің мағынасы қандай, неге елімізге енді? Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда.
Қазіргі уақытта қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселесі, ең әлсіз тұсы дін дейтін болсақ, оның себептері, алдын алу шаралары, қолданылып жатқан заңдар жайлы бүгін біздің оқушыларымыз сіздерге ой тастай отырып, өзіндік пікірлерін қорытып, тақырыпты меңгеруге тырысады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын мына роликті көре отырып таңдайық.

ІІІ. Ой қозғау (15 минут)
-"Діннен адастырар теріс ағым " видеоролигін көре отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймыз.
Топтарда отырған оқушылар видеороликтен:
- экстремистік, террорлық әрекеттерді,
- жарылыс, мешіттерді қиратушылар туралы,

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама