Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ел анасы – Ұлпан
Көп бейінді №3 мектеп - гимназиясының
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қасенова Гүлжан Ержанқызы

Тақырыбы: Ел анасы – Ұлпан
9 сынып
Сабақ мақсаты: Ғ. Мүсіреповің “Ұлпан”шығармасы арқылы ұлт анасының бейнесін ашу
Міндеті: 1) Шығарма мазмұнын түсіне отырып, Ұлпан бейнесін ашуға талпынады.
2) Ұлпан бейнесі арқылы ел - ұйытқысы – ұлт аналарының қайраткерлік болмысын ашады.
3) Ұлпан - ана арқылы жазушының ана бейнесін ашудағы тіл ерекшелігіне тоқталады, талдау жасайды.
4) Көркем шығарманы оқу арқылы перзенттік парызын орындауға ұмтылады.
Сабақ түрі: Шығармашылық - ізденіс сабағы
Сабақ типі: Қорытынды сабақ
Әдіс - тәсілдер: Диалог, пікірлесу, проблемалық оқыту, СТО элементтері
Құрал - жабдықтар: Интербелсенді тақта, қанатты сөздер, оқулық
Сабақтың девизі: Ізденейік, зерттейік, салыстырайық

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл - күйлерін туғызу
Мотивация
Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы сурет ұсынылады. Сұрақ:
Суретке қарап қандай ой түйдіңдер?
Күтілетін жауап: Тауқымет тартқан ана, баласын күткен ана т. б.

Қызығушылықты ояту
1. Романның тарихи негізі.
2. Романның” Ұлпан” деп аталуының себебі не?
Оқушылар бір - бірімен пікірлеседі, ұжымға ұсынады, сұхбаттасады

Мағынаны ажырату
Кубизм стратегиясы бойынша оқушыларға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
1 - топ «Суреттеңіз»
Ұлпан бейнесін ашатын көркемдік тіл.
2 - топ «Салыстырыңыз»
Ұлжан, Ұлпан, Домалақ ана бейнесін салыстыру.
3 - топ «Талқылаңыз»
Елес құшағында. Ұлпан бейнесін жасау.
4 - топ «Қолданыңыз»
Ұлпан өлімі және Торсан. Заман үкімі.

Ой толғаныс
«Менің анам»
Жыр толғау, сыр толғау, ой толғау
Әр топ берілген тапсырма бойынша топтық жұмыс жасайды. Топта, ұжымда талдайды.
1 - топ: Арнау (поэзия)
2 - топ: Ой толғау(проза)
3 - топ: Ән айту
Бағалау

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама