Ел басқару білгенге – мехнат, білмегенге қанағат
Нұртас Дәндібайұлы 1904 жылы 26 қазанда Түркістанның маңында, Жайылма деген жерде дүниеге келген. Жанұясында екі қыздан кейін Нұртастың дүниеге келуін қатты күткен. Қуанышқа бөленген ата-анасы бірден молда шақырып, азан шақырып баланың атын «Нұрмұхаммед» деп қояды, бірақ жақындары оны еркелетіп Нұртас деп атап кеткен. Балалық шағында ауыл молдасы Керімқұлдан арабша төте жазудан дәріс алады. Жастай әкесі мен шесесінен айырылып, 1920 жылы Ташкенттегі №14 мектеп-интернатында 1922 жылға дейін тәрбиелеуге қамқорлыққа алынған. Онда Алаш зиялысы Сәдуақас Оспанов басшылық жасаған. Орыс тілінен Ғани Мұратбаев, араб тілінен Әмин Жүсіповтен дәріс алған.
Небәрі 34 жасында Шығыс Қазақстан атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып, жылдың ортасында Совнарком төрағасы болып тағайындалды. Қазақстан Үкіметін басқарған 13 жыл ішіндң елдің дамуына көптеген үлес қосқан. Шалғай ауданында мұғалімдер даярлайтын училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, ОК саясатының жүзеге асуына зор күш салған. Сонымен қатар Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық технология институтын ашып, көптеген жаңа факультеттерди енгізген. Опера және балет театоры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған.
Нұртас Дәндібайұлы кадр таңдауға, әр адамның қабілетін танып, білуге шебер еді. Мал соңында белгісіз жүрген Хакімжан Наурызбаевтің дарынын да байқай білген. 1943 жылы Ұзынкөл ауданына іссапармен келген Нұртас, Шалғай ауылында ораналасқан үйдегі сазбалшықтан жасалған мүсіндерді көреді, сұрастыра келе бұл мүсіндерді 16 жасар мал қорасын тазалап жүрген шебер баланың жасағанын біледі. 3-4 айдан кейін дарынды балады Алматыға оқуға шақыртып, кабинетіне кіргенде: «Орындарыңыздан тұрыңыздар, Қазақстанның атақты мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев»- депті Нұртас.
Қазақ даласында ғылымның дамымай отырғанына қатты уайымдағандықтан, Алматыда ССР Ғылым Академиясының филиалына барған. «Филиалды қарасам түк жоқ. Адам жоқ. База жоқ. Жедел кадр іздеу керек қой. Сонда есіме Сәтпаев түсті»- дейді Нұртас Оңдасынов. Жезқазғанда ұлтшыл жарғысы тағылған, кеніште жүрген Сәтпаевті тауып алып, жетектеп Москваға барып, Коморовтан «Бізге филиал ашып беріңіздер, бізге ғылыми зерттеулерге институт ашыңыздар»- деп сұраған. Сол жерде Сәтпаевті ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшелігіне сайлады, 2-3 жылдан кейін ССР Ғылым Академиясының академигіне сайлатып, Қазақ ССР Ғылым Академиясының президенті етіп тағайындайды.
Нұртас Оңдасынов үкімет басында жүріп, Хрущевпен жиі сөзге келіп қалатын болған. Даудың басты мәселесі-жер. Хрущев шырайлы Мақтаарал, Киров, Бостандық аудандарын өзбектерге беруге үгіттейді, бірақ Нұртас бұған қарсы болады:«…- Соғыс бітіп, ел әлі есін жиып үлгермеген жылдар. Мәскеудегі өтетін жиналыстарға жиі барамыз. Бір жолы сондай бір жиынды Украинаның сол кездегі басшысы Н.С.Хрущев жүргізді. Оның қасына Өзбекстанның жетекшісі Осман Юсупов жайғасыпты. Мәжіліс залына кіргенімде екеуі сыбырласып отыр екен. Шынымды айтсам, екеуін де аса ұната қоймайтын едім, сондықтан көздеріне түспей-ақ қояйын деп арт жаққа отыра беріп едім, Хрущев көріп қалды да:
- Оңдасынов, тұр орныңнан! Сен неге өзбектерге ана үш ауданды бергің келмейді, өзбектер мақтаны жақсы егеді! – деді діңкілдеп. Мына сөз менің шымбайыма батып кетті:
- Ол үш аудан менің жерім емес, оны беру-бермеуді халық шешеді! Ал мақтаны біз де жақсы өсіреміз, өткен жылы жоспарды асыра орындадық! – дедім.
Хрущев қып-қызыл болып кетті, ашулы үнмен «отыр!» деді. Оған айтқызып отырған Осман Юсупов екені даусыз. Өйткені оның өзі маған бір мәрте шығып, осы осы үш ауданды сұраған болатын, сонда мен: «Сіз де бір республиканы басқарып отырсыз, Сізден қырғыздар немесе әлде түркімендер үш емес, бір ауданыңызды сұраса берер ме едіңіз?!» дедім. Уәж айта алмай қалған болатын. Өзінің сөзі өтпеген соң даңғой Хрущевты айтақтап салып отырған түрі ғой!». Бірақ Хрущев өз дегеніне жетеді, жер өзбектерге беріледі. Нұртас Оңдасынов 13 жыл жұмыс істеген орнынан кетеді.
Нұртас Дәндібайұлының «Үш тазалық дана» сөзі: «Біріншіден, қаншама жыл қолымда билік болса да, біреуден бір тиын да пара алмадым – Қолым таза! Екіншіден, үштіктің бірі болып, біреудің сыртынан қол қойған емеспін, яғни, ешкімнің қаны мойынымда жоқ – Арым таза! Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген де, тіптен ешкімнің ешқашан жүзін сұраған да емеспін – Жүзім таза!»
У.М.Джолдыбаева- тарих ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің доценті
Еркенова А.К.- Шығыстану факультеті, шетел филологиясы мамандығының 1-курс студенті