Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Елбасы - ел көсемі
«Елбасы - ел көсемі» танымдық сабағының жоспары (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Сабақтың көрнекілігі: «Ел таңдаған Президент» және «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың шығармалары» атты кітап көрмесі, ғаламтордан бейне таспа, Президенттің маңызды дәйексөздері жазылған парақшалар, сабақтың мазмұнын бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. Шарлар, ленталар, «Балалық шағымның аспаны» фильмінен фрагменттер

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесі мерекеге арналып безендіріледі. Н. Ә. Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар сабаққа шақырылған қонақтарды қарсы алады, одан кейін екі топқа бөлініп отырады.
Арнайы шақырылған қонақтар:
Мектептің әкімшілігі, «Жас Отан» ұйымының мүшелері, оқушылар, оқытушылар.
Сабақтың барысы: «Балалық шағымның аспаны» фильмінен фрагменттер көрсетіліп, сұрақ - жауап өткізіліп, сабақтың тақырыбы анықталады.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті, оқушылар! Қазақстан Республикасы Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленгенін бәрімізге белгілі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.
- Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматты
білмейтін адам баласы жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы қартта
амандығын тілеп, тілеулес болып отырады.
Бүгінгі біздің сабағымыз 2 топтың сайысы түрінде өтпек. Қане, балалар, сендерде өз білімдеріңді сынап көріңдер.
Іске сәт! Бүгінгі сабақ барысында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғалық болмысын сипаттай отырып, оның ел көсемі екенін айқындау.
Енді кезекті топтарға берейік. Әрбір дұрыс орындалған тапсырмаға, дұрыс жауапқа бір асықтан алып отырасыңдар.

І кезең: Қазақстан Республикасының Президентінің өмірбаянынан қысқаша мәтінді берілген сөздерді сөйлемдерге айналдыра отырып баяндау.
Екі топқа конвертте сөздер, желім, қағаз беріледі.
1 - топ: Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданында Шамалған ауылында дүниеге келген. Оған әжесі Мырзабала ат қойды. Ол: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын»- деді. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.

2 - топ: Жас кезінде Нұрсұлтан мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ықыласпен оқыды.
Әкесі Әбіш 1903 жылы өмірге келді. Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Анасы Әлжан 1910 жылы дүниеге келген. Әлжан ән салуды ұнататын. Ол ұлын үлкенді сыйлауға, ұлттық салт - дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиеледі.

СҚО, Мамлют ауданы,
Мамлют санаторлық орта мектеп – интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Самбаева Бибісара Шәмінқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама