Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Электр тогының химиялық әсері
8 сынып
Тақырыбы: Электр тогының химиялық әсері
Сабақтың мақсаты:
1. Электр тогының химиялық әсерімен танысу. Фарадей заңын қорытып шығару;
2. Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылықты дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға машықтандыру;
3. Ұқыптылыққа, еңбекке, топтық жұмысқа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс
Сабақтың көрнекіліктері: карточкалар, сызбалар, слайд және т. б.
Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу;
2. Оқушыларды түгендеу;
3. Үй тапсырмасын тексеру. 21 – жаттығу.(3 - 8)
№3
Әрқайсысы 6В кернеуге, 0, 6А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанды. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.
№4
Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200Ом. Сорғыту қондырғысы 3с жұмыс істегенде, ондағы 5, 5А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.
№5
Мұнай араластырғышты іске қосатын электр қозғалтқышының қуаты 1900Вт. Электр қозғалтқышынан 2 сағ ішінде 14400Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.
№6
Кернеуі 220В, ток күші 3А болатын сегіз мұнай мұнарасының электр қозғалтқыштарының бір айда жұмсайтын электр энергиясы шығынын анықтаңдар.
№7
Жүк шығырын айналдыратын электр қозғалтқышы 9120Дж*- ге тең жұмыс атқарады. 4А ток күшінде 24Кл заряд өткендегі электромотордың қуатын табыңдар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама