Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Электролиттердегі электр тогы
Физика 10 сынып
Сабақ тақырыбы: Электролиттердегі электр тогы
Мақсаты: Ерітінділердегі заряд тасымалдаушыларды анықтау
Оқыту нәтижелері:
1. Электролиттік диссосация ұғымына анықтама береді
2. Күкірт қышқылы молекуласының формуласын сипаттайды.
3. Ерітіндіде иондардың пайда болуын жіктейді
4. Есеп шығаруда формуланы дұрыс қолданады
5. Фарадейдің 2 заңын тұжырымдайды
Түйінді идея: Пікір айтады, құндылықтарды көрсетеді, пікірлердің әртүрлілігін талқылайды, қоғамдық талқыға қатысады, идеялар мен ойларды дамытады.
Дерек көздер: 10 сынып физика оқулығы.. Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев
Мұғалімге арналған нұсқаулық - 23, 26 беттер
Оқыту әдістері: Топпен жұмыс, диалогтік әдіс, ұжымдық оқыту, жинақтау әдісі, «Үш қадамдық сұхбат»стратегиясы,«Ойлан - жұптас - бөліс» стратегиясы
Көрнекілік, техника құралдары: Электронды оқулық, интербелсенді тақта, интернеттен алынған материалдар

Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып, сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру. Оқушылардың көңіл - күйін, дайындығына назар аударып, сабақты бастау.

Үй тапсырмасы:
Өткізгіштер тобы: Ag, Cu, Al, Fe, Hg
Жартылай өткізгіштер тобы: Ge, Se, Zno, Cu2o, Si
Диэлектриктер тобы: шыны, фарфор, кварц, эбонит, янтарь
Осы атауларды парақшаларда жазып таратып сәйкестігіне қарай топтарға бөліну.
«Жартылай өткізгіштердегі электр тогы» тақырыбы бойынша сынып 3 топқа бөлініп, әр топқа өз тақырыбы бойынша презентация жасап әкелу тапсырылған. Баяндамашылар кезек - кезек шығып үй тапсырмасы бойынша жұмыстарын қорғайды. Баяндамаға 1 - 1, 5 минут уақыт беріледі. Болған соң басқа топ мүшелері (1 минут) баяндама жасап тұрған топқа сұрақ қойып, білімдерін тексере алады.
Нәтижесін смайлик арқылы бағалау.

Табыс критерийі:
1. Диэлектиктерде еркін заряд болмағандықтан, электр тогын нашар өткізетіндігін біледі. 5 балл
2. Жартылай өткізгіштердің түрін жіктейді. 5 балл
3. Электронды - кемтіктік ауысуды ажыратады. 5 балл
4. p - типті ж/е n - типті қоспаны салыстырады. 5 балл
5. Тест уақытын тиімді пайдаланады. 5 балл
25 - 24 балл - «5»
23 - 19 балл – «4»
13 - 9 балл –«3»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама