Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.
ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету.
б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, кітаптар бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
ІІ. Кіріспе

1 - жүргізуші: Желтоқсаннан бастау алған егемен, Егеменді елде берік керегем. Қазақстан бірлігімнің айғағы, Әлем білген басшысымен көреген.

2 - жүргізуші: Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған.
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел желтоқсаннан нәр алған.

1 - жүргізуші: Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,
Бейбіт күнде желбіреген байрағы.
Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,
Қазақстан - ынтымақтың айғағы.
2 - жүргізуші: Былтыр ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өркениетті ел боларына кәміл сенеміз.

1 - жүргізуші: Бұл – еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ, жиырма жыл бұрын, яғни 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Сөйтіп, ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата - бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 6 «А, В» сыныптарының «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Көрініс: Нұрсұлтанның балалық шағы:

Рөлдерде: Әжесі - Мырзабала, Әкесі – Әбіш, Бала - Сұлтан «Үшқоңыр» әні, орындайтындар:...................

1 - жүргізуші:. Атақты тұлғаның туған жерін оның өсіп - өнгенін, әсіресе, қазақтар үшін генеологиялық діңгегін білу кез келген адамның қызығушылығын тудырады. Бұл, біріншіден, біздің Президентімізге қатысты. Бұл көп жазылды, фильмдер көрсетілді. Әсіресе «Балалық шағымның аспаны» фильмі өте қызықты, жан жүйеңді толғандырады. Болашақ Президент Алматы облысы Шамалған ауданы Үшқоңыр төбесіндегі киіз үйде туған. Ата - анасының ұзақ күткен ұлы, тұңғыш баласы отбасын, қуаныш пен үлкен қызыққа кенелтті. Әйтеуір шаңырақта бала күлкісі мен кішкентай қадамның дауысы естілді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама