- 05 нау. 2024 00:44
- 203
Елжандылық тәрбиесінің қазіргі қоғам жағдайындағы бағыттары

Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Ұлттық патриотизм мен елжандылық туралы біздің көрнекті жазушыларымыз бен ғұламаларымыз өздерінің көрнекті ой – пікірлерін қалдырып отырған. Осы ретте аты аңызға айналған Б. Момышұлы: «патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік тәуелді екенді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау; қысқасы айтқанда, патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғым, оны жеке адам барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», - деп терең және жан - жақты анықтама берген. Б. Момұшұлының анықтамасы бойынша ұлттық елжандылық мыналардан тұрады.
- өз халқына сүйіспеншілік;
- өз халқымен қан жағынан байланысын сезіну;
- тұрып жатқан териториясы, ана тілі, тұрмыс – тіршілігі, тарихи дәстүрі, психологиялық ерекшеліктерін сақтап, дамытуға, оны өз ұрпақтарына өткізіп беруге бейімділік.
Осыдан бастап елжандылыққа тәрбиелеуді отбасынан бастау проблемасы келіп шығады. Жазушы Ә. Нұршайықов: «бала күннен батырлар туралы ертегілер, аңыздар тыңдап, ерлікті мадақтайтын тақпақтар жаттап, эпостық шығармаларды етене қабылдамаған адамдардың бойында бес кісінің күші болса да патриот бола алмайды», - деп елжандылық тәрбиесін берудегі отбасының маңызына тоқталып өткен. «Тәрбиенің күшімен шындалған патриотизм, қынаптан суырған қылыштай жарқ етіп, Отанды басқыншы жаудан қорғау сағатында өз қуатын көрсетеді», - дейді жазушы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.