Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Емтихан билеттері жауаптарымен
Емтихан билеттері.

1. Мәтін құрастыру: Абай Құнанбайұлы
2. Сөйлесу: Өнер мұражайы
3. Ереже: Фонетика


1. Абай Құнанбайұлы
Абай Құнанбайұлы 1845 ж. 23 тамызда Семей облысы Аягөз ауданы Шыңғыстаудағы Тобықты руында туған. Әкесі - Құнанбай, Қарқаралы ауылының аға сұлтаны. Анасы - Ұлжан, әжесі - Зере әңгімешісі. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салуышысы, пәлсапашы, ақын, сазгер, аудармашы болған.

Абай - пәлсапашы, оның 45 қара сөз (ғақлия) бар;
Абай - сазгер: "Айтым, сәлем, қаламқас", "Желсіз түнде - жарық ай", "Көзімнің қарасы" және басқа шығармалар;
Абай - аудармашы, ол 50 - ден астам Пушкиннің, Лермонтовтың, Гетенің, Крыловтың шығармаларын аударды;
Абай - ақын. Оның өлеңдері: "Қыс", "Жаз", "Күз", "Жазғытұры", "Ғылым таппай мақтанба", "Әсемпаз болма өрнеге", "Сексен аяқ" және басқалар, 2 поэма бар: "Масғұт", "Ескендір".

Абай Құнанбайұлы 1904 ж. 23 маусымда қайтыс болған. Астанада Абай атына даңғыл, кітапхана, ескерткіш, қонақ үй, дүкендер аталады. Мұхтар Әуезов Абай туралы "Абай жолы" роман - эпопеясы жазды.

2. Өнер мұражайы
- Сәлем. Астанада қандай мұражайлар бар?
- Қайырлы күн. Елордада көптеген мұражайлар бар. Мысалы: Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай, Қазақстан Республикасы тұңғыш елбасының мұражайы, Президент орталығының мұражайы және өнер мұражайы бар.
- Өнер мұражайы қайда орналасқан?
- Ол Республика даңғылында орналасқан.
- Мұражай қашан ашылды?
- 1980 ж. 2 қазанда ашылған.
- Көрме дегеніміз не?
- Көрме - өнер мерекесі.
- Мұражайда жыл сайын неше көрме ұйымдастырылады?
- Жыл сайын 50 - ден астам көрме ұйымдастырылады.
- Қандай суретшілердің көрмелері жиі өткізіледі?
- Алматы қаласынан А. Қазғұлов, Тараздан М. Рахимжанов, Семейден Г. Мақарова, Көкшетаудан Н. Огнеребко сияқты суретшілердің көрмелері өткізіледі.
- Балаларды өнерге қызықтыру мақсатында қандай көрмелер өткізіледі?
- "Мен өз қаламды сүйемін", "Менің жанұям", "Жаңа елорданың түстері", "Әрқашан күн сөнбесін" және тағы басқалар.
- Саған өнер мұражайы ұнайды ма?
- Иә. Маған ұнайды.

3. Фонетика
Фонетика - тіл дыбыстарын зерттейді. Қазақ тілінде 25 дауыссыз, 15 дауысты дыбыс және айыру белгісі, жіңішкелік белгісі бар.
Дауысты дыбыстар 6 топқа бөлінеді. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке, еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік. Жақтың қатысына қарай: ашық, қысаң.
Дауыссыз дыбыстар 3 топқа бөлінеді: қатаң (12), ұяң (7), үнді (7).
Буынның 3 түрі бар: ашық буын - А/ВА (ата, қала); бітеу буын - ВАВ/ВАВВ (қаңт); тұйық буын - АВ/АВВ (ас, аңт).
Подробнее о фонетике и фонетическом разборе можете посмотреть здесь.

Емтихан билеттері жауаптарымен. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама