Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Емханаға бару
Тақырып: Емханаға бару
Қазақ тілі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
О1. 1. 3. 1. 1. Таныс сөздерді тұтас оқу
О4. 1. 3. 4. 1. Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым (кім? не? қандай?) сұрақтарға жауап беру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады: таныс сөздерді оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: таныс сөздерді оқып, кім? не? қандай? деген қарапайым сұрақтарға жауап береді
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтін мазмұны бойынша толық жауап бере алады

Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай алады:
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: емхана, дәрі, дәріхана, кім? не?
Алдыңғы оқу. 5 мин.
"Артығын алып таста" әдісі бойынша үлгідегі артық суреттерді алып тастайды
Басы:
Жан - жануарлардың суреттері бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
1 - тапсырма. – Емхана деген не?
- Емханада не істейміз?
осы сұрақтарға жауап берулерің керек. Әр топтағы оқушылар жауап береді. Мәтіндіоқып беремін.
Мынау - емхана. Емхана Абай көшесінде орналасқан. Емхана біздің үйге жақын.

2 - тапсырма.«Детальдарды қосу» стратегиясы бойынша мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын тексереміз.
Емхана -дом
Көше -поликлиника
Үй -расположен
Орналасқан -улица
Оқушылар жауаптары смайликтер арқылы бағаланады.

Ортасы:
Миға шабуыл. Мен сендерге жұмбақ жасырамын. жұмбақтың шешуін, табыңдар.
Ақ желенді киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді
Өзім өте сүйемін.
.... мен деймін.
Кәрі әжемді емдеймін.
Көп - көп ішіп дәріні
Кәрілікті жең,- деймін.
Суретке назар аударыңдар.
3 - тапсырма, "Конверт" әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру. Суретке қараңдар(суретте емхана, дәрігер )
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
- Суреттегі кім деп ойлайсыңдар? Бұның жұмбаққа қатысы бар ма?
- Ол қандай киім киінген?
"Басбармақ" арқылы бағалау.
Сергіту жаттығуын жасайық.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Онға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бойымызды созайық.
Белімізді жазайық.
Жоғары - төмен қарайық,
Қолымызды созайық.
Бойымызға күш жинап,
Бір шынығып алайық.
4 - тапсырма. - Егер сені дәрігер болсаң, саған науқас адам келді, сен қандай көмек етесің?

М. Мәметова атындағы ЖОББМ
Мұғалімнің аты - жөні: Абикенова Газиза

Емханаға бару. жүктеу
Даналық ойдан шыққан сөз. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама