Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ең кішкентай кітапхана

Мобилді байланыстың кең даму себебінен телефон будкалары қолданыстан толық шықпаса да, қолдануы бұрынғыдан қаншама есе азайып кетті. Осының себебінен Британияда British Telecom деп аталатын байланыс операторы, телефон будкаларын арзан бағаға сатуда.
Тапқыр Британдықтар ол будкаларды сатып алып, душ, кішігірім қойма, тағы басқа керектеріне жаратуда.

Британияның Уэстбери-саб-Мэндип деп аталатын қалашығының тұрғындары да осындай будканы сатып алып, өздерінің қалаларына кітапхана ретінде орнатыпты. Бұл кітапхана дүние жүзіндегі ең кішкентай кітапхана және тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн үздіксіз жұмыс жасайды.


Сонымен қатар бұл кітапханаға түнде оқуды жақсы көретіндер үшін жарық та орнатылған.
Қала тұрғындары будкаға сөрелер орнатып, ішіне неше түрлі тақырыптағы кітаптар орналастырған. Будканың ішінде кітаппен қатар дисктер, DVD-лер де табылады.
Әрине бұл кітапханада кітапханашы жоқ. Тұрғындар үйлерінен кітаптар әкеліп орналастырады және оқығысы келген кітаптарды үйіне алып кетіп, оқып болған соң орнына қайт әкеліп қояды.

Қалашықтың тұрғындар саны шамамен 800 адам, бірақ кітапхана танымал болуынан кітап алу үшін кей кездері кезекке тұру қажет.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама