Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ең үздік тәрбиеші 2013
Ең үздік жас тәрбиеші 2012.
Болашақтың базары да,келешектің – кемеңгерлері де балалар емес пе?!
Саналы, өскелең ұрпақ тәрбиелеу тәрбиешінің міндеті

Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Қ. Көпбаеваның басшылығымен және әдіскер Б. Алимбаеваның жетекшілігімен Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Балапан» балабақшасында 18 балабақша арасында «Ең үздік жас тәрбиеші 2012» байқауы ұйымдастырылды.

Баланың ой - өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына балабақша тәрбиешілерінің сіңірер еңбегі орасан зор. Кеше ғана аяғын аттап басқан жас сәбидің алғашқы рет қоғаммен араласуы балабақшадан басталады емес пе?! Осы орайда, жас тәрбиешілер тәжірбие алмасып, балалардың ой - өрісін кеңейтуге бағыт сілтер сан қилы білім үлгілерін паш етіп, өздерінің шығармашылық қабілеттерін жан - жақты көрсете отырып, кәсіби шеберліктерін нығайта, жас маман ретінде шыңдала түсті.

Байқау төрт шарт бойынша ұйымдасқан. 1 теориялық білімдері бойынша тест бөлім; ІІ бөлім таныстыру; ІІІ бөлім «Тәуелсіздік тірегім» жан күйерлер көмегімен сахналық қойылым; ІV бөлім «Өнерлі өрге жүзеді»

Байқауға он бес тәрбиеші қатысып, өздерін жан - жақты көрсете алды. Педагогқа тән сыпайлықпен, инбаттылықты ұштастыра отырып, өз өнерлерімен, шеберліктерімен, білімдерімен талайды таңқалдырды.

Байқауды қорытындылай келе, білім бөлімінің әдіскері Б. Алимбаева жас педагогтардың сұлулығына, педагогқа тән қарапайымдылықпен өздеріне тарта білгендерін, әр түрлі өнерлерімен таңдандырып, өздерінің жан дүниесін көпшілікке жеткізе отырып, жақсы қасиеттерін аша түскендерін атап өтті. Сөз соңында байқауға қатысқан жас мамандардың арасынан «Балауса» балабақшасының тәрбиешісі Дакенова Тұрсынай «Ең үздік жас тәрбиеші 2012»байқауының жеңімпазы атанып, бағалы сыйлықпен марапатталды. «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Р. Аманжолова, «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Бекназарова Ақерке ІІ дәрежелі, ІІІ дәрежелі мақтау граммотасымен «Айнұр» балабақшасының тәрбиешісі Темиркулова Ақмарал және «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Ашенова Манар марапатталды. «Марзия апа» балабақшасының тәрбиешісі Базилбаева Раушан «Шығармашыл педагог»номинациясы бойынша марапатталды. Барлық қатысушы жас тәрбиешілер естелік ретінде құнды сыйлықтармен марапатталды.

Жас мамандардың кәсіби қызметке бейімделуін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған осы байқаудың нәтижесінде жас педагогтарымыз өздеріне қажетті қасиеттерді бойларына сіңіре алды деп тұжырымдаймын. Байқауға қатысқан педагогтарға алғысымды білдіріп, алдағы уақытта биік шыңдардан көрінулеріне тілектестігімді білдіремін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама