Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ер есімі-ел есінде
9 - мамыр Жеңіс мерекесіне арналған ертеңгілік
Тақырыбы: «Ер есімі ел есінде».

Мақсаты: Балаларды ерлікке өз Отанын сүюге, еліміздің соғысқа аттанған ерлерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Жүргізуші: 1941 жылы миллиондаған адам сұрапыл соғысқа аттанды. Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отрядтары құрылды.
«Бәрі де, соғыс үшін» деп ұран тасталды.
Балалар көрініс көрсетеді.
1-бала Соғыс бұлты төнгенде,
Серік болып ерлерге.
Жаудың бетін тойтарған,
Елдің кегін қайтарған.
2-бала Армиямыз айбынды,
Армиямыз қаһарман.
Күзетеді ай нұрлы,
Күн сәулеті Отанды.
3-бала.
Шекарада күзетте,
Қас қақпайды ағалар.
Балбыраймыз төсекте,
Біз алаңсыз балалар.

Жүргізуші: Қыр қызы орындады берген антын
Халқына адал болу ердің салты
Ел үшін қасық қанын аямаған.
Жүректе мәңгі өшпейді Әлия, Мәншүк аты.
«Әлия, Мәншүк апалар» - әні

Жүргізуші: Соғыс отын жақпаңдар,
Балаларды бақытынан қақпаңдар.
Жер бетінде тіршіліктің тәңірі,
Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар.
«Теңізшілер» биі

Жүргізуші: Балалар сендер ертең өскенде, Отанын қорғайтын, елін, жерін сүйетін үлкен азамат болып өсетіндеріңе сенеміз.
Ағалардай боламыз» - әні.

Жүргізуші: Сұрапыл соғыста да жауынгерлеріміз жауға қарсы шығып, қайратты күштеріне сеніп, ән айтып би билеген.
«Айбынды ағалар» - биі.
Алақай, алақай,
Сүйінші, сүйінші.
Жеңіс келді далама,
Қуан, шаттан,
Құтты болсын бұл мейрам.
Балалар бірге Ура! Жеңіс келді! – деп айтады.

Жүргізуші: Жеңіс күні!
Көптен күткен күн!
Барлық халық бірігіп, жауды жеңіп отан үшін ерліктерімен мерт болған қаһарман батырларымыз 1945 жылы 9 мамыр күні адамзатқа жеңіс күнін сыйлады. Жеңіс күн құтты болсын!.

Көшеде тулар самғаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Жеңіс тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей.
Бүгін мейрам салтанат,
Бүгін халық алаңда.
Кеште салют! Анталап,
Тамашалар адамдар.

Отан отқа оранғанда,
Отыра ма ер азамат.
Жауды жеңген күнім келді,
Жеңіс деген ең ғажап ат.

«Жеңіс күнін тойлаймыз» - әні.
Балалар ардагерлерге өздері дайындаған сыйлық табыс етеді.

Жүргізуші: Елімізде жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.

Жүргізуші: «Ақ көгершін» әні.
Бейбіт күні орнасын,
Елімізде әрқашан.
Тыныш өмір сүрейік,
Достығымыз жарасқан.
Ақ көгершін, көгершін,
Шарла барлық әлемді.
Бейбітшілік үнімен,
Ән саламыз әдемі.

Жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте.
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекке.
Отанымның бақыты үшін мерт болған,
Батырларды есіңе ұста құрметте.
Міне енді ортамыздағы өшпес мәңгілік отқа қарап, осы сұрапыл соғыста ерлік көрсетіп қаза тапқан батыр аталарымыз бен аналарымызды еске алып, бір минут үнсіздік жариялайық. (Бір минут үнсіздік болады).

Жүргізуші: Соғыс салған жарақаттан,
Жазыла алмай кеткендер көп.
Ардақтаймыз ардагерді,
Бүгінге аман жеткендер – деп құрметті ардагерлерге сөз беріледі. Құрметті ардагерлер, қонақтар біздің балабақшаның бүлдіршін - деріне тілектеріңізді тыңдайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама