Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Еркіннің еңбегі Мәдіхат Төрежанов
Ана тілі..
Тақырыбы: «Еркіннің еңбегі» Мәдіхат Төрежанов
Мақсаты: 1) өткен сабақты бекіте отырып, жаңа тақырыпты ашу, мәтінді меңгерте отырып, балалардың жаздағы еңбек туралы білімдерін кеңейту;
2) оқушылардың мәнерлеп оқу, өз ойын анық жеткізе білу қабілеттерін, сөздік қорын, шығармашылық дағдыларын, ойындар арқылы танымдық қызығушылығын, ой - өрістерін жетілдіру;
3) оқушыларды еңбексүйгіштікке, ізденпаздыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндіру, ойын, көркем сөз, көрнекілік, әңгімелесу.
Түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Типі: ойын сабақ
Көрнекілігі: ақыл тақтасы, палакат.
Кезеңдері
Өту барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар!
Отырыңыздар.
Көңіл - күйлерін қалай?
Бүгін ана тілі сабағында сіздермен Жазира апайларың болады.
Психологиялық дайындық
Барлықтарын менің артымнан қайталаңдар.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Жақсы, қазір қанай жыл? (қоян). Бүгін бізге қоян қонаққа келді. Ол сендерге шарлар алып келді. Бұл шарлардың артында тапсырмалар жасырылған. Осы тапсырмаларды жақсы орындаған балаларға қоян шарларды сыйлайды.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1 - шар: «Үй тапсырмасын тексеру».
Үйге не берілді? Кәне кім бұл өлеңді жаттап келді? Осы өлеңде не туралы айтылған? Көктем кезінде қандай өзгерістер болады? Сендерге көктем мезгілі ұнай ма? Бұл өлеңдер немен ұқсас келеді? Ал айырмашылықтары неде? Өткен сабақта сендер мына өлеңге қимыл - қозғалыстар жасадыңдар. Кәне сол қозғалыстарды еске түсірейік.

Сергіту сәті
Күркіреді күн, күн...
Терезелер шың, шың.
Жауды жаңбыр топ, топ,
Шелек, шелек көп - көп!
Жон арқанды тос - тос,
Күнбағыс боп өс - өс!

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
Ал енді тақтаға қарап, мына мақал - мәтелдерді оқиық.
Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей.
Еңбек деген байлық бар, Ерінбеген жететін.
Еңбек түбі қуаныш.
Осы мақал - мәтелдерді қалай түсінесіңдер?
Еңбек еткен адамның қарны тоқ болады. Себебі ол өз нанын өзі тауып жейді. Еңбек еткен адам түбі қуанышқа, бақытқа жетеді. Еңбек еткенде ғана нағыз бай боласың. Себебі өз еңбегіңмен тапқан байлығын – өз байлығын, тек адал еңбек еткен адамның досы да, заты да көп болады.
Тағы да еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер?
Топтарға бөлінеміз. Әр қатар бір топ болып есептелінеді.
1. Бейнет - бейнет түбі зейнет
2. Еңбексіз өмір – сөнген көмір.
3. ердің атын еңбек шығарады.
4. кім еңбек етсе, сол тоқ.
Сонымен еңбек ету дегенді қалай түсінесіңдер?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама