Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ елі!
«Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – қазақ елі!»

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата - баба жолымен алдық деп ойлаймын»
Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне одақта болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады.

Тәуелсіздік алу қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір - бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.

1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Осы кезде Президент болып сайланды. Осы кезде Президенттің Жарлығымен бұрын Одаққа бағынған кәсіп орындар мен ұйымдарды республика үкіметінің қармағына беру, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дер бестігін қамтамасыз ету, елімізде алтын қорын жасау туралы және т. б. заңдар шығарылды. Сол жылғы 10Желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы болып өзгертілді. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан республикасы Жоғары Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ол өзінін жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтың принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.

Республиканың мемлекеттік тілі - қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленеді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсанда республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл Әлемге танылады.
Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне биыл міне 24 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Тіпті, ол күрес бір сәт те толастаған емес, теңіз толқыны сияқты қат - қабат жарға соғып жатты. Ел тәуелсіздігі үшін ата - бабаларымыз басынан қиын күндерді өткеріп, кең байтақ жерімізге көз алартқан жауға қасқая қарсы тұрды. Әрісіне бармай - ақ, қоялық, 20 - шы ғасырдың өзінде көтерілістің басым көпшілігі отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы болатын.

Жаңаөзен қаласы
Жаңаөзен қызмет көрсету және қызмет көрсету
жаңа технологиялар колледжінің
тарих пәні оқытушысы Венера Жолмухамбетова

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама