Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ертегілер әлемі
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегілер әлемі
Мақсаты: Балабақшада балалардың ертегі арқылы тілдерін дамыту, шығармашылығын дамыту, ертегіні мазмұнына сахналауға үйрету, рольде ойнау шеберліктерін жетілдіру, театр өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктері: компьютер, флэшка ертегілердің суреттерімен, «Қарлығаш пен Дәуіт», «Маша мен аю», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Үш торай» музыка «В гостях у сказки», құстардың дыбыстары, ағаштардың макеттері, оқтау, себет, қолғап, сандық, жануарлардың балалары мен суреттері, бауырсақтың атрибуты.

Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбер ұйымдастыру.

Ұйымдастырушылық - Ізденістік
Музыка әуенімен педагог:
- Балалар, жаңа ертегілерді естігілеріңіз
келеді ме?
Онда мына кітапты алып ертегіні таңдап алыңыз.
- Ой, ертегілеріміз қайда кеткен?
- Ертегілер қайда жоғалып кеткенің қалай ойлайсыңдар?

Біздің балалар соңғы уақытта мультфильмдерді өте көп қарайды, компьютер ойнайды, ал ертегілерді мүлдем оқымайды.

- Ертегілер сиқырлы ертегілер әлеміне кетті деп ойлаймын.

- Біздер оларды қалай қайтарамыз?
Жаңа ертегілерді жазамыз, кітапханадан іздейміз, әлде қайтып келуге өтінеміз бе?

- Балалар мен таптым, мүмкін біздер ертегілер әлеміне ертегілерімізді іздеуге барамыз?

- Сендер менімен барасыңдар ма?

- Біздер немен барамыз?
- Поезбен, машинамен, ұшақпен баруға болады, бірақ біздің топта ондай көлік жоқ.

Тәрбиеші кілемді әкеліп жаяды.
- Балалар қараңдар біздің кілем тесіліп қалыпты ғой. (Кілемнің тесіктері геометриялық пішіндер тәрізді болып келеді.)
- Ертегілер әлеміне жету үшін кілемді жамау керек.
Дидактикалық ойын: «Жамауды тап»
Балаларға берілген геометриялық пішіндердің орның тауып кілемді жамау керек.

- Балалар қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар?
- неше төрт бұрыш бар?
- неше үшбұрыш бар?
- неше тіктөртбұрыш бар?
- Жарайсыңдар кілемді жөндедік енді бәрімізге сәт сапар тілеймін.
(хормен)
Біздің кілем ұшып барады
Алыс жерге апарады
Кәне достар көзді жұмамыз
Ертегілерімізді табамыз.

- Балалар қараңдар, қайда келіп қалдық? (музыка қосылады, орман мекендеушілердің дыбыстары естіледі.)
- Балалар орманда қалай жүру керек?
- Қараңдар бағдаршалар бар, мұнда не жазылғаның оқып бериін бе?
- Сол жаққа барсаң суға батасын, оң жаққа барсаң ертегілерді табасын.

- Балалар қалай ойлайсыңдар біздер қай жаққа барамыз?

Тәрбиеші балалармен оң жаққа барып, ағаштың астыңда флэшканы тауып алады.

- Балалар бұл не?

- Сендер қалай ойлайсыңдар мұнда не жазылған? Қараймыз ба?
- Ендеше жайғасып отырайық менде сендермен бірге қарайық

Балалар теледидардан «Қарлығаш пен дәуіт», «Қаңбақ шал», «Алдар көсе», «Маша мен Аю», «үш торай» ертегілердің суреттерін көріп, қандай ертегі екенін айту керек.

- Жарайсыңдар компьютер астынан сол ертегілердің суреттерін алып шығады.

Әрі қарай жолмен бара жатып алма ағаштың астыңда қолғапты, себетті, оқтауды тауып алады.
- Балалар бұл заттарды қай ертегінің кейіпкерлері жоғалтты?

Әрі қарай бара жатып, сандықты көріп қалады.
Сандықта жан - жануарлардың суреттері бар.

Дидактикалық ойын: «Баласын тап»
- Балалар осы жануарларға өз балдарын табуға көмектесу керек, көмектесеміз бе?

Ертегілер әлемі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама