Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ертегілер (білімді тиянақтау)
Сабақтың тақырыбы: Біліміңді тиянақтау
Сабақтың мақсаты: А) Өткен сабақтардағы алған білімдеріне қортынды жасау.
Ә) Есте сақтау қабілеттерін арттыру, ой - өрісін, сөздік қорын дамыту.
Б) Еркін сөйлеуге және тіл байлығын дамыту.
Сабақ түрі. Дәстүрлі сабақ.
Сабақ әдісі. Сұрақ – жауап, әңгімелеу, тест тапсырмасы.
Сабақ көрнекілігі. Интерактивті тақта, сурет.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу
2. Келген оқушыларды түгендеу.
3. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
4. Психологиялық дайындық.

Көк аспаннан күн күлсін!
Бірге күлсін бүлдіршін.
Көк аспаннан күн күлсін!
Жерге ұдайы нұр құйсын!

ІІ. Үй тапсырмасына шолу.
Ертегілер елінде
1. Ертегілер туралы мағлұмат бер
Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып есептеледі. «Ертегі» деген аты ертедегі, ерте кездегі деген сөздерден туған. Қазақ ертегілерінің бәрі әдетте «Ертеде бір бай болып», «Ертеде бір хан болыпты», «Ертеде бір кемпір мен шал болыпты» деп басталады.

Ертегілер
Шыншыл ертегілер
Қиял - ғажайып ертегілер
Хайуанаттар ертегілер

2. Бұлбұл мен тоқылдақ. (көрініс)

Құрт жеген соң гүліңді,
Жұрт неғылсын үніңді.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Білімді тиянақтау.
Табиғат тіршілік бесігі.
1. Көктем
2. Самалық
3. Құстар келді.
4. Ойлан тап! Жұмбақтар.
5. Ертегілер елінде.

Көктемде қар еріп, жыралардан сулар ағып, күн шуағын төгіп, күн жылына бастайды. Адамдар қысқы киімдерін ауыстырып, жеңіл киінеді. Қорадағы малдар, төлдер өріске жайылады. Малшылар жайлауға көшеді. Жер балшық болып, жауын - шашын болып, қатты дауыл соғып жел болады.
Олай болса ең қатты желдің аты қандай?

Самалық. Көктем, күз айларында болатын қатты жел. Салқын, ызғарлы, қатты дауыл болып адамдардың киімінен өтеді. Талдардың бүршіктерін түсіріп, шыбықтарын сындырып, үй шатырын ұшырып әкететіндей ең қатты дауылды желдің бірі. Ол балшықты жерлерді тез кептіріп, тез құрғатып күн жылынып құстар келе бастайды.

Көктемде алғаш Ұзақ құсы жылы жаққа ұшып келіп, ұя сала бастайды. Құстардың түрі өте көп. Елімізде құстардың 600 - ге жуық түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Олар табиғат емшілері, тіршілік иелері, ұрпақ өрбітеді. Ән шырқап табиғат сәнін келтіріп, адамдардың көңілін көтереді. Мыс: Бұлбұл ән салады. Тоқылдақты орман емшісі, аққуды киелі сұлу құс деп, қараторғайды орман қорғаушысы деп атайды.

Ойлан тап! Жұмбақтар.
Қоршаудай мықты тұмсығы,
Бәсеке тігем бұл шыным.
Құрт доңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері мен болам.
(Тоқылдақ)

Он екі айдың біреуі,
Сірә оның атында.
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді.
(Көкек)

Ертегілер елінде
Байлық пен ақыл (көрініс)
Сонымен оқушылар байлық, ақша, дүние, алтын т. б. адам өмірімен өлшенбейді екен.

Сергіту сәті.
Қатты желді, жаңбырды, кемпірқосақты іс - қимылмен салып бойымызды сергітейік.

ІV. Бекіту
Сөзжұмбақ

Қарлығаш 1. Ертегі кейіпкері.
Ұзақ 2. Алғаш келетін құс.
Самалық 3. Ең қатты жел.
Торғай 4. Орман қорғаушысы.
Аққу 5. Киелі сұлу су құсы.
Кемпірқосақ 6. Жаңбырдан кейінгі табиғат құбылысы.

V. Қорытынды:

Тест.
1. Қатты желді қалай атайды?
а) дауыл б) самалық в) сел

2. Қыстап қалатын құс аты?
а) аққу б) үйрек в) торғай

3. Жыртқыш құс аты?
а) бүркіт б) қарға в) тырна

4. Құйрығы айыр құс?
а) бұлбұл б) қарлығаш в) торғай

5. Алғаш келетін құс?
а) көгершін б) қарға в) ұзақ

VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: Тақырыпқа сай әңгіме құрап келу. Тест құрастырып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама