Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ертегілер еліне саяхат
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: 1. Сахналалық көрініс қоя білу, таңдап алған рөліне еніп, ойнауға жаттықтыру.
Міндеттері:
1. Сөйлеу барысында ойларын дұрыс айтуға үйрету.
2. Сұрақтарға жауап беруге үйрету, кейіпкерлер туралы білімдерін кеңейту.
3. Рөлдерге ене білуге үйрету.
Әдіс – тәсіл: ойын, түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу
Көрн. құралдар: сюжетті суреттер, кейіпкерлерге арналған костюмдер, кесте, магнитофоннан сөз, «Балалық шақ»күйі, проектордан көру суреттерді
Билингв. комп: Ертегілер - сказки, сценка - көрініс.

Ой қозғайтын себептер
Күннің көзімен амандасып

Кел, балалар, күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді болып жүрейік
Осы кезде микрофоннан сөз сөйленеді: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сіздерді ертегі елінің көрмесіне шақырамыз
Бүгін біз сендермен поездбен ертегілер әлемінің яғни қаламыздағы қазақ драм театры Ж. Аймауытов атындағы театрға барамыз. Алдымызда көптеген аялдамалар кездеседі, тапсырмалармен.
Сахна, көрініс туралы мәлімет беру

Ізденіс ұжымдық негізгі бөлімі
1. Тапсырма аялдамасы: Қандай ертегілерді білесіңдер? Шалқан ертегісінің кейіпкерлерімен жұмыс Театр түрлерімен таныстыру\конус, саусақ, қыстырғыш, магнит, диск, алжапқыш т. б\
2. Аялдама: Қорқақ қоян қандай ертегіде кездеседі?
3. Аялдама: Аю туралы ертегі ойлап табу?
4. Аялдама: Қазақ ертегісіндегі қу кейіпкер кім?
Көлеңке театры арқылы көрініс үзіндісі
5. Аялдама: Сергіту сәті « Сұр қоян»ұйымдастыру
Ұзын құлақ сұр қоян, естіп қалды сыбдырды
Ойлы, қырлы жерлермен ытқып - ытқып жүгірді
Қарап еді артына, қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап көжегі екен өзінің
6. Аялдама: Адасқан кейіпкерлерді реттілікпен көрсету
7. Бауырсақ ертегісін сахналау, рөлдерге бөліну
Мінездеме беру кейіпкерлерге
8. Аялдама: Тұзды қамырдан өздеріне ұнаған кейіпкерлердің мүсінін мүсіндеу
Өздері жақсы көретін ертегілер мен көрмеден алған әсерлері жайлы әңгімелесу
Балалар пікірін тыңдау
Балалар өздерін бағалайды түстермен көрсетеді

Павлодар қаласының
№48 санаторлық сәбилер бала - бақшысының тәрбиешісі
Найманбаева Баянсұлу Калеловна
Ертегілер еліне саяхат жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама