Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Есепті теңдеу құру арқылы шығару
Тақырыбы: Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Есепті теңдеу құру арқылы шығару.
Балаларды топпен ұйымдаса жұмыс істей білуге, еңбекке баулу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, суреттер, тесттер, оқулық
Сабақ түрі: аралас
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, тест сынағы, салыстыру.

Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды сабаққа дайындау, психологиялық дайындық.
(жақсы тілек тілеу)

ІІ. Жаңа сабақ.
Есепті теңдеу құру арқылы шешу.
* «Ой қозғау»
Теңдеудің неше түрі бар? (күрделі, қарапайым)
Салыстыру, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде? (ұқсастығы екеуі де теңдеу, айырмашылығы: күрделі екі немесе көп амалмен орындалады, қарапайым: тек қана бір амалмен орындалады)

• «Ойлан, тап!»
1кг сары май 360 теңге тұрады. Жарты кг сары май қанша тұрады?
360: 2=180 (жарты, немесе 500г)
• х: 5=18 х=18•5 х=90 90: 5=18 18=18
Қайсысы ыңғайлы? (әрине теңдеу құрған)

Сергіту сәті: «Санамақ құра біл!»
Бір дегенім – білек,
Білсең, білек те керек.
Екі дегенім – еңбек,
Еңбек бәрін жеңбек

* «Топпен жұмыс»
І-топ №3 - 208бет,
Бар еді - 1706қап ұн.
Қалды - 1009қап ұн
Жөнелтілді -? Қап ұн
Ш: 1706 - х=1009 х=1706 - 1009 х=697 1706 - 697=1009 1009=1009
Ж: 697 қап ұн

ІІ-топ №4 - 208бет,
Болды - 548т қызылша.
Қалды - 399т қызылша.
Тиеп жіберді -? т қызылша.
Ш: 548 - х=399 х=548 - 399 х=149 548 - 149=399 399= 399
Ж: 149т қызылша.

ІІІ-топ №5 - 208бет,
Әр қ. 8 көшеттен - 5 қатар
Жиектеді -? көшет
Болды - 63 көшет.
Ш: (8•5)+х=63 40+х=63 х=63 - 40 х=23 (8•5)+23=63 63=63
Ж: 23 көшетпен жиектеді.

ІV- топ №6 - 208бет,
S=18км,
t=2сағ,
υ1=4км/сағ,
υ2=? км/сағ
Ш: 18: 2 - х=4 9 - х=4 х=9 - 4 х=5 18: 2 - 5=4 4=4
Ж: υ2=5км/сағ

• «Логикалық тапсырма»
Шаршының Р=64см
S1=? см2
S2=? см2 2есе кем
в2=4см
а2=? см Ш: 1) 64: 4=16 (шаршының қабырғасы)
2) 16см•16см=256см2 (шаршының ауданы)
3) 256: 2=128 (тік төртбұрыштың ауданы)
4) 128: 4=32 (тік төртбұрыштың қабырғасы)
Ж: S1=256см2, S2=128см2, а2=32см

Сергіту сәті: «Ұшты-ұшты».
Мақсаты: Зейінді тексеру.
Ұшты-ұшты құс ұшты (қолын көтереді)
Ұшты-ұшты парақ ұшты (үндемеу керек) Осылай жалғастырылады.

* «Қызықты тапсырмалар»
1. қосындының да мәні, көбейтіндісінің де мәні 6-ға тең болатын тізбектес үш натурал санды тап. (1, 2, 3; 1+2+3=1•2•3)
2. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 8 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта)
3. 60 және 12 сандарының қосындысы мен көбейтіндісінің мәндерін салыс - тыр. Не байқадың? (60+12=72 60 •12=720)
4. жылдамдық 20км/сағ, уақыт 2сағ болса қашықтық нешеге тең? (40км)
5. Тырна таразы табақшасында екі аяғымен тұрғанда 6кг болды, ал бір аяғымен тұрса неше кг болады? (6кг)

Қорытынды. Бағалау.
Үйге тапсырма: №8 - 209бет (өрнек құрастыру)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама