Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Есептік, реттік сан есімдер (күнделікті сабақ жоспары).
Атырау облысы,
Исатай ауданы, Зинеден ауылы
Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жарылғасова Гүлшат Ғилажқызы
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер.
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың сан есімнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: дамыта оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: оқушыларға сандарға қатысты ұғым бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау, жылдамдыққа, ізденуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызба кесте, үлестірме қағаздар.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау: 161 – жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазып келу.
Үй тапсырмасын бекіту:
1. Сан есім дегеніміз не?
2. Сан есімнің сұрақтары қандай?
3. Дара сан есім дегеніміз не?
4. Күрделі сан есім дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ: Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік, реттік сан есімдер
Сан есімдер – сандық ұғымды білдіретін сөздер.
Құрылысына қарай - Дара сан есім: Бір, мың, жүз, миллион
Күрделі сан есім: Мың-мыңдап, екі-үштен, бір мың
Құрамына қарай - Негізгі сан есім: Он, бес, жүз, тоғыз
Туынды сан есім: Алт(ы)ау, жүз мың, сексен (сегіз он) он-оннан
Сан есім мағынасына қарай алтыға бөлінеді:
1. Есептік сан есім
2. Реттік сан есім
3. Жинақтық сан есім
4. Болжалдық сан есім
5. Топтау сан есім
6. Бөлшектік сан есім
1. Есептік сан есім – заттың нақтылы санын білдіріп, қанша?неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір, т. б.
2. Реттік сан есімдер - заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, т. б.
Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. Ондайда жазылу реті төмендегідей болады. (емлесі түсіндіріледі).
1. Ол 6-қатардан орын алды.
2. Шығарманың II томы.
3. 1961 жылы Ю. Гагарин ғарышқа ұшты.

IV. Дәптермен жұмыс.
162-жаттығу. Мәтінді оқып, құрамындағы есептік, реттік сан есімдерді теріп жазу.
Үлгі: екі жүз тоғыз - есептік сан есім, құрамына қарай күрделі , сұрағы - қанша?
163-жаттығу. Есептік сан есімдерді қатыстырып, сөзбен есеп құрастыру.
Үлгі: Жаңа оқу жылында кітапханашы мектепке 3000 оқулық әкелді. Оның 600-і математика, 351-і орыс тілі, 458-і қазақ тілі, 280-і қазақ әдебиеті пәндерінің оқулықтары. Қалған оқулықтар бастауыш сыныптікі. Сонда бастауыш сыныпқа қанша оқулық әкелінген?
164- жаттығу. Берілген есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдыру.
7, 10, 1, 3, 100, 28, 37, 695, 470, 259, 627, 1992, 187, 369, 2692.
Үлгі: 7-жеті-жетінші;
V. ВЕНН диаграммасы.

Есептік сан есім
Ортақ қасиеті
Реттік сан есім

VI. Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
3, 5, 7, 13, 9, 12, 37, 40. деген сандардың жалпы адамның өмірі, наным—сеніміне байланысын айтып, «Сандар сыры » тақырыбына пікір жазу. Өзі қалаған бір сан есімге фонетикалық талдау жасау.
2-деңгей. Санмен берілетін ұғымға байланысты қанатты сөздер, түсініктер, мақал- мәтелдер айту. Ұқсастырып өз ойынан сан есімге байланысты жаңылтпаш, санамақ, мақал- мәтел ойлап шығару.
Мысалы: Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек, , бес парыз, бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес, т. б.
3-деңгей. Оқулықтағы 166-жаттығу.

VII. Сергіту сәті.
1. 1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
Баста ойлаған санды алып тастаңыз!
Жауабы: Нәтиже үнемі 1 шығады.
2. 100 шөже, 100 кг бидайды 100 күнде жейтін болса, 10 шөже, 10 күнде қанша кг
бидай жейді?
Жауабы: 1 кг
3. Қай айда 28 күн бар?
Жауабы: Барлық айда
4. Лимонның жартысы не болады?
Жауабы: Лимбес
5. Ақтөбеде біреу Өскеменде жоқ, Алматыда екеу Астанада көп? Ол не?
Жауабы: “а” әрібі

VI. Сабақты бекіту. БҮҮ кестесін толтыру.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Есептік, реттік сан есімдердің ережесін жаттап, көркем әдебиеттен 5 мысал жазып келу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама