Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы
7 сыныбында өткізілген панорамалық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Лексикалық тақырыбы: Бауыржан Момышұлының өмірі.
Грамматикалық тақырып: Есімше мен көсемшеден өткенді бекіту сабағы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімше мен көсемшеден өткенді Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығын сабақтастыра отырып қайталау. Жүйелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын байыту, білім, іскерлік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жауынгер жазушының шығармалары арқылы оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Мақал – мәтел, нақыл сөздер негізінде оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру.
Сабақтың типі: білім бекіту сабағы.
Түрі: өнеге сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО әдісінің элементтері
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, математика.
Көрнекіліктері: Б. Момышұлының портреті, жанұя суреттері, кітап көрмесі, компьютер, интерактивтік тақта, диск.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысуын, әзірліктерін тексеру.
ІІ. Қызығушылығын ояту
Кубизм әдісі
1. Есімше туралы не білеміз?
2. Есімше қалай жасалады?
3. Есімше түрлене ме, неге? Септелуіне, тәуелденуіне мысал келтіріңдер.
4. Есімше сөйлемде қандай мүше бола алады?
5. Көсемше дегеніміз не?
6. Көсемшенің жұрнақтарын ата.
7. Көсемше қалай түрленеді. Мысал келтіріңдер.
8. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі туралы не айтасыңдар?
9. Есімше мен көсемше етістіктің қандай түрі?

ІІІ. Мағынаны тану
1. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, айдарымен таныстыру.
Кіріспе сөз. Бүгінгі сабағымыздың лексикалық тақырыбы: Бауыржан Момышұлының өмірі.
Бауыржан Момышұлы – Ұлы Отан соғысына қатысқан халық батыры. Соғыста дивизия командирі болған. Сондай - ақ Б. Момышұлы – жазушы.
Бауыржан еңбектерін орыс - қазақ тілдерінде жазған. Қазақ тілінде «Төлеген Тоқтаров», «Ел басына күн туса» т. б., орыс тілінде «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Офицер жазбалары», «Соғыс психологиясы» т. б. кітаптары бар.
Жазушы өзінің балалық шағы, туған үйі, туған жері туралы «Ұшқан ұя» кітабын жазған. Келіні Зейнеп Ахметова «Шуақты күндер» атты Б. Момышұлы туралы естелік жазған.
Сондай – ақ жазушы Әзілхан Нұршайықов та Б. Момышұлы туралы «Ақиқат пен аңыз» атты кітабын жазған (кітап көрмесіндегі кітаптармен таныстыру).

2. Оқушылардың назарын тақтаға аудару.
Сабақтың айдары: «... Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мәңгі жасап, ұрпаққа ұран, елге мұра болып қала бермек».
(Н. Назарбаев)
Түртіп алу стратегиясы
3. Оқушылардың дәптерлеріне күннің жадын, сабақтың тақырыбын, айдарын жазғызу.
4. Сабақтың айдарында берілген сөйлем ішінен есімше, көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, астын сызғызып, жұрнағын белгілету.

5. Ой шақыру стратегиясы.
1. Ұлы Отан соғысы қай жылы басталып, қай жылы аяқталды?
(1941 - 1945 ж)
2. Отанымызды жаудан қорғаған қандай батырларды білесіңдер?
(М. Маметова, Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев).
3. Биыл соғыстың аяқталғанына неше жыл толайын деп отыр? (69 жыл).
4. Б. Момышұлы биыл нешеге толады? (104 - ке).
6. Оқушыларды дискідегі фотосуреттермен және «Момыш ағашының» бұтағымен таныстыру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама