Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Есімшенің түрленуі
Қазақ тілі 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есімшенің түрленуі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға есімшенің түрленуі туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік: Есімшенің түрлену жолдарын түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру, негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;
Тәрбиелік: Сабақ барысында оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, талдау
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі кеспе қағаздар, таблицалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу.
2) Түгендеу, оқу құралдарын тексер.
3) Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.
4) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау:
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1. Бұйрық рай дегеніміз не?
2. Рай категориясы дегеніміз не?
3. Райдың неше түрі бар?
4. Ашық рай қалай жасалады?
5. Бұйрық райға - шы,- ші жұрнағы жалғанса қандай мағына береді?
6. Шартты рай қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Есімше - сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалатын етістіктің ерекше түрі. Ол бірде жіктеліп келіп етістік қызметін атқарса, енді бірде есімдерше түрленіп (септеліп, тәуелденіп, көптеліп), есім қызметін атқарады. Есімше (яғни есімдер сияқты) деп аталуының өзі осы қасиетіне байланысты.
Есімше мына жұрнақтар арқылы жасалады:
1) - ған, - ген, - қан, - кен: ал - ған, көр - ген, айт - қан, кет - кен;
2) – ар, - ер, - р және етістіктің болымсыз тұлғасынан кейін - е: бар - ар, кел - ер, оқы - р, айтпа - с, көрме - с;
3) – атын, - етін, - йтын, - итін: айт - атын, кел - етін, тыңда - йтын, сойле - йтін;
4) – мақ, - мек, - бақ, - бек, - пақ, - пек: бар - мақ, кел - мек, жаз - бақ, без - бек, шаш - пақ, төк - пек;
Есімшенің тәуелдену үлгісі
Есімшенің түрленуі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама