Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Эскиздеу (тілікпен)
Сабақтың тақырыбы: Эскиздеу ( тілікпен )
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың эскиз туралы түсінігін қалыптастыра отырып, конструкторлық құжаттарды дайындауға үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекке баулу пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас
Қолданылатын әдісі: дифференциалдық әдіс, баяндау, салыстыру, талдау.
Көрнекілік құралдар: плакат, көрнекілік бұйымдар, карточкалар, оқулықтар, сызу құралдары, мультимедия.
Пән аралық байланыс: техникалық механика, материалтану, математика.

Сабақтың мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі 1. 1. Оқушылармен амандасу. 1. 2. Оқушыларды түгелдеу және журнал толтыру 1. 3. Оқушылардың жұмысы құралдарын тексеріп, кезекті тағайындау 1. 4. Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткенге шолу
2. 1. Сөйлемді аяқтау: 1. Заттың бақылаушыға қарап тұрған жағының кескіні -....
2. Затты бір немесе одан да көп жазықтықпен ойша қиғаннан шыққан фигураның кескіні -...
3. Тетікбөлшектің белгілі бір мақсат үшін істелген бөліктері -....
4. Бұйымның машина жасау сызбасын оқу деген....
5. Оригиналдар деп....
6. Конструкторлық құжаттарды орындау кезеңдеріне байланысты....
7. Жазық фигураны винттік қозғағанда шығатын дене -....
8. Орналасуы бойынша бұранда бөлінеді:....
Жауабы:
1. Көрініс.
2. Қима.
3. Элементтер.
4. Оның формасын, өлшемін, тәртібін және оны бақылаумен жасауға қажетті әдістері туралы білім алу.
5. Олардың тұпнұсқаларын жасауға арналған құжаттарды айтады.
6. Жобалау және жұмыс құжаттары деп ажыратады.
7. Бұранда.
8. Сыртқы және ішкі.

2. 2. Ойлан - ата
Берілген материалдардың графикалық белгіленуі бойынша түрін атау керек.

2. 3. Семантикалық карта.

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
3. 1. Эскиз туралы түсінік.
Эскиз дегеніміз пропорцияны сақтай отырып көз мөлшерімен қолдан орындалатын жұмыс. Эскиз деп өндірісте тек бір ғана пайдалануға арналған конструкторлық құжатты айтады.
Эскизде нәрсені өзара перпендикуляр жазықтықта тік бұрыштап проекциялау әдісімен кескіндейді, сызу аспаптары көмегінсіз салынады. Эскизде масштаб болмайды. Эскиз өмірде кең түрде пайдаланылады. Оны басқа пәндерде қолданады. Мысалы: физика, химия, геометрия пәндерінде лабораториялық құралдар және аспаптардың эскиздердің салуға тура келеді. Геометрияда есеп шығармас бұрын, есеп шартындағы геометриялық фигуралардың эскиздерін салып алу керек. Эскиз жалпы техниканы меңгеруге әсерін тигізеді. Эскизді миллиметрлік қағазға торкөз дәптер бетіне салу қолайлы. Сызықтар жұмсақ карандаштармен жүргізіледі. Тетікбөлшек эскизін мынандай кезеңдерге бөліп орындау тиімді.

3. 2 Эскиз орындау реті:
1) Тетікбөлшектің пішінімен танысу. 2) Тетікбөлшек кескіндерінің жеткілікті санын аңықтау. 3) Эскиз салатын пішімді таңдау. 4) Таңдап алынған пішімді эскиз салуға дайындау. 5) Кескіндерді пішімге алдын ала орналастыру. 6) Тетікбөлшектің көріністерін жіңішке сызықтармен салу. 7) Тетікбөлшек кескіндерін салуды аяқтау. 8) Шығару және өлшем сызықтарын жүргізу. 9) Сызбаға түсірілетін тетікбөлшектің барлық өлшемдерін өлшеу аспаптары мен құралдарын пайдаланып аңықтайды. 10) Тетікбөлшектің эскизін салуды аяқтау.
3. 3. Өлшеу құралдары: нутрометр, кронциркуль, рулетка, болат сызғыш, штангенциркуль, бұрыштық.
3. 4. Штангенциркуль құрылымы.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту
4. 1. Сұраққа жауап беру. 1) Эскиз дегеніміз не? 2) Эскизде масштаб болады ма? 3) Эскиз салудың кезеңдерін 1 - 5 айтып бер.
4. 2. Тетікбөлшек бойынша эскиз орындау.
V. Сабақтың қорытындысы
5. 1. Оқушыларды бағалау.
VI. Үй тапсырмасы: А4 пішіміне негізгі жазу орындап келу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама