Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Эссе “Әке”
Эссе “Әке”
Әке - асқар тау. Әр адамның өмірінде, әр отбасыда әкенің орны тым бөлек, тым биік. Сол шаңырақтың барлық ауыртпалығын көтеріп, балаларына тек “жақсы болсын” деп тәлім - тәрбие беріп, барлық жақсыны алдына тосатында осы әкелер.
Әке - ұрпақтың панасы. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы болып жүрген адам. Әкелер қанша жерден суық, қатал адам болғанымен, олардың айтқан сөздері әр қашанда дұрыс, берген ақылдарымен жүрсек ешқандай кем болмаймыз.
Менің әкем біз үшін, бізді жеткізу үшін аянбай еңбек етті. Арманы осы 3 ұл, 1 қызының жақсы жолмен жүріп, оларды өз орындарына қондыру. Ол кісінің жақсы қасиетінің бірі - біздің таңдауымызға қарсы келмейді. Біз не айтсақта, түсініп қарап, қолдап, демеп жібереді. Әкем тек бізге ғана емес, анамада ерекше қамқорлығын көрсетіп отырады. “Анаңа көмектес, анаңды тыңда” деп үнемі айтып жүреді. Маған барлық жылулығын көрсетіп, еркелетіп, мені ешкімнен кем қылмай жүргені үшін әкеме алғысым шексіз. Мен оны қатты жақсы көремін.
«Әкеге қарап ұл өсер» деп бекер айтпайды. Себебі, мен әкенің бойынан тек күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, барлық жақсы қасиеттерді көремін. Бірақ, әкеніңде түр - түрі болады. Бірі жаман, бірі жақсы.
Әкең барда өзің бисің, төресің,
Әкең барда асқар таусың, төбесiң,
Әкең сенiң айналаға айбатың,
Қорқынышты әкең өлсе көресiң.
Сондықтан, әкелеріміз қандай болсада, тірі кезінде бағалап, қадірлегеніміз жөн. Жаман болсын, жақсы болсын ол бізді дүниеге әкелген адам. Оларсыз біз ешкім емеспіз.
Алиева Арайлым

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама