Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Эссе. Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру
Қызылорда облысы Қазалы ауданы.
Музыка пәні мұғалімі Баян Алпысбай Игілікқызы

«Ғылыми әдістемелік тұрғыдан педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбына Эссе
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген болатын, сонымен қатар оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажет» деп көрсетілген. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақ уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі, толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге қатар жүрері анық.

Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Ең бастысы - өз жұмыс орнына және бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру міндеті. Біліміне, біліктілігіне, парасатына пайымы сай ұстаз бүгінгі таңда жас ұрпаққа білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістерге байыппен қарап, оның заман талабына сай мән - маңызын түсінеді. Әлемдегі озық, бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына еніп, өркениетті елдермен иық тіресе тұру міндеті, сайып келгенде, еліміздің ертеңгі азаматтарының қолында.

Ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық әдіс – тәсілдердің тың, мәнді, әрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс – тәжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз - тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш - жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен, шапшаң технологиялық өзгертулермен, соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып, ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

Кәсіби құзырлылық - мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғарғы деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды балаға сіңіре білу.

Осыған орай, біздің «Халық аспаптары» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары негізінде құрылған типтік жұмыс бағдарламалары, оның негізінде дайындалған оқу жұмыс бағдарламалары, тақырыптық - күнтізбелік жоспарлар, оқу - әдістемелік жинақтар мен хрестоматиялар, көрнекілік альбомдар және электронды оқулықтар қолданылып келеді. Мұның барлығы болашақ жақсы маман иесі қажеттілігін арттыруға бағытталып отыр.

Құзыреттілік әр сала маманының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман орындаушылары мен оқытушылары қандай кәсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мәселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды және жағымсыз жақтарын белгілеу, қасиеттерімен бағаланады. Осыған орай, саз мамандықтарының мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан - жақты, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау теория жүзінде алған білімін тәжірибемен байланыстыра алатын маман даярлау деп санаймын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама