Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Эссе және өлең-жыр байқауының жеңімпаздары анықталды

Шығармашыл жастардың өнеріне қолдау көрсете отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, өлең сөздің құдыреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында Bilim-all.kz және Bilimland.kz сайттары біріге отырып, 2019 жылдың 30 тамызы мен 2020 жылдың 25 қаңтары аралығында өткен эссе және өлең-жыр байқауы бойынша редакциямыз 700-ге жуық өлең мен 250-дей эссе қабылдады. Осымен үшінші рет өткізілген байқаудың қорытындысын жариялап отырмыз.

Байқау шарттарына сәйкес сайысқа қатысушылардың эссе және өлең-жырлары 2020 жылдың 25 қаңтарына дейін қабылданды. Қабылданған шығармалар бір айдың (25 қаңтар - 25 ақпан) көлемінде іріктеуден өтіп, жеңімпаздар анықталды. 

Назарларыңызға байқау жеңімпаздарын ұсынамыз: 

Өлеңдер:

І орын – СМАРТФОН + диплом.

Ақгүл Тұрсынбай – Мөлтек сыр (Ф.Оңғарсыноваға арнау)

ІІ орын – PowerBank + диплом.

Шыңғыс Атай – Рухты ел

Абзал Алтый – Жұмақта көргім келеді!

ІІІ орын – PowerBank + диплом.

Сая Серік – Жұбату

Alunaaa  – Мұқағалиға арнау

Алтай Әлішер – Жастар жылының жариялануына орай

Эссе:

І орын – СМАРТФОН + диплом.

Адилбек Динара – Көз жасымен суарылған гүл...

ІІ орын – PowerBank + диплом.

Izekenova - Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан

Назерке Әліқұл - Шардара барсаң, шайырмын деме

ІІІ орын – PowerBank + диплом.

Нөкен Рахима – Тәуелсіз ел – бабалар арманы

Өтеміс Айгүл Сәкенқызы – Тіл - ар өлшемі, ұлттың өміршеңдігі

Досымжан Абдыхалык – Анаға хат

Bilimland.kz сайты бойынша анықталған жеңімпаз: bilimland.kz ұжымы арнайы сыйлық ㄧ СМАРТФОН

Байқау барысындағы апта сайынғы жеңімпаздар: апталық қорытындылар

Барлық қатысушыларға ризашылық білдіріп, шын жүректен алғыс айтамыз. Жеңімпаздарды жүлделі болуымен құттықтаймыз! Келешекте биік белестер, шығармашылық табыс тілейміз! 

Сыйлықты табыстауымыз үшін бізбен байланысуларыңызды сұраймыз! 

Байланыс: [email protected]


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама