Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Эссе: Менің қызығушылықтарым
Эссе
Менің қызығушылықтарым
Ақыл - ойға жаққан білім шырағын,
Ұстаз - дана ұлағатты мұғалім.
Шәкіртінің санасына нұр құйған,
Мен ұстаздың ұлылығын ұғамын – дегендей қазіргі кезде мектепте жас ұрпақ тәрбиесі, оның жеке тұлғасының жаңаша қалыптасуы, әлеуметтік дүниеге көзқарасы алдымен мұғалімге байланысты. Қазіргі заман мұғалімінен өз пәнінің терең білгірі болуымен қатар, тарихи, танымдық, педагогикалық - психологиялық, білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде.

Әрине, ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Менің ұстаздық мамандығын таңдаудағы басты мақсатым – тәрбие мен білім беруде, жан - жақты адамгершілігі мол, дені сау, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Абай атамыз айтқандай “адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан басталады”. Мен де осындай болғым келеді...

Ұстаздық – ұлы құрмет. Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді оқушылардың бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беру – менің ең басты міндеттерім деп санаймын. Мұғалім – ұлы тұлға. Осы сөзде қаншама ұғым, мағына бар. Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын баланың бойына дарыту деп білемін. Мен осы аз ғана ұстаздық қызметімде тек мұғалім ғана емес, ана, келін, әріптес, жас маман ретінде әріптестерімнің іс - тәжірибесін үйренуден жалықпай, ұстаздарымның берген ақыл - кеңесін, үлгі - өнегесін қашанда биік ұстап, үлгі тұтамын.

Мен өз білімімді шыңдау мақсатында білім саласында болып жатқан жаңалықтармен танысып отырамын. Сабақ беруде жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс - тәсілдерін қолданамын. Қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқыту, қашықтықтан білім алу технологияларын басшылыққа ала отырып, баланың оқуға деген құштарлығын ояту арқылы оқушының өз бетінше жұмыс істеуін қадағалаймын.

Болашақта ұрпақтарымыздың сапалы білім, саналы тәрбие алуына, халқымыздың адал ұлы мен қыздары болулары үшін бар уақытымды аямай, тәлімгер ұстаздарымның ісін жалғастыруда шәкірттерімнің биік шыңнан көрінуі үшін аянбай еңбек етемін деп сенім білдіремін.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама